Облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 27 қаңтардағы № 306-ІV "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Атырау облыстық мәслихатының 2012 жылғы 11 мамырдағы № 45-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 1 маусымда № 2613 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 207-VI шешімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 16.03.2018 № 207-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 495 бабының 9 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 5 тармағына сәйкес, V шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезекті ІІІ сессиясында ШЕШТІ:

      1. Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 27 қаңтардағы № 306-ІV "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 17 ақпанда № 2561 тіркелген, 2010 жылы 18 ақпанда № 18 "Атырау" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1) шешімнің 5 қосымшадағы 1.3.7. тармақшасы алынып тасталсын;

      2) қосымшаға сәйкес 6 қосымшамен толықтырылсын: "Мұнай операцияларын жүргізу кезінде түзілетін, күкіртті орналастырғаны үшін төлемақы ставкасы".

      2. Мәслихаттың осы шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология, қоршаған ортаны қорғау, агроөнеркәсіп және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы (Д. Құлжанов) жүктелсін.

Сессия төрағасы, мәслихат хатшысы

С. Лұқпанов


  Облыстық мәслихаттың
ІІІ сессиясының
2012 жылғы 11 мамырдағы
№ 45-V шешіміне қосымша
Облыстық мәслихаттың
ХХ сессиясының
2010 жылғы 27 қаңтардағы
№ 306-ІV шешіміне 6 қосымша

Мұнай операцияларын жүргізу кезінде түзілетін, күкіртті орналастырғаны үшін төлемақы ставкасы мынаны құрайды:

Мұнай операцияларын жүргізу кезінде түзілетін, күкіртті орналастырғаны үшін

Төлемақы ставкасы (АЕК) 1 тонна үшін

1

Күкіртті орналастыру

7,54