Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағына 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасы «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2) тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мақсатты топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
а) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
б) отбасылардың бірде-біреуі жұмыс істемейтін тұлғалары;
в) елу жастан асқан жұмыссыз тұлғалар;
г) ұзақ уақыт жұмыс істемеген тұлғалар (бір жылдан артық).
2. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің «Мақсатты топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» 2011 жылғы 5 мамырдағы № 188 қаулысы (Мемлекеттік тіркеу тізімінде 2011 жылғы 15 маусымда № 13-10-137 тіркелген, 2011 жылғы 01 шілдеде № 30 «Знамя труда», 2011 жылғы 01 шілдеде № 28 «Солтүстік жұлдызы» газеттерінде жарияланған), Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің «Мақсатты топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» 2009 жылғы 13 сәуірдегі № 67 қаулысы (Мемлекеттік тіркеу тізімінде 2009 жылғы 30 сәуірде № 13-10-83 тіркелген, 2009 жылғы 15 мамырда № 21 «Знамя труда» газетінде жарияланған) күшін жойған деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.В.Вишневскаяға жүктелсін.
4. Қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Қалиев