«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Азаматтардың жекелеген санаттарына Петропавл қаласында автомобиль көлігінде тегін жол жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 шілдедегі № 3шешіміне (№ 13-1-161 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, «Қызылжар нұры» газетінің 2009 жылғы 21 тамыздағы № 34 (244), «Проспект СК» газетінің 2009 жылғы 21 тамыздағы № 34 (292) сандарында жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
осы шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
2. Аталған тұлғаларды жеткізетін әлеуметтік инфрақұрылым объектілері анықталсын:
1) емханалар мен ауруханалар;
2) түзету мектептері;
3) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар;
4) психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері;
5) медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімдері;
6) Петропавл қаласының аумағында орналасқан медициналық-әлеуметтік мекемелер;
7) «Петропавл протездік-ортопедиялық орталығы» акционерлік қоғамы;
8) «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы;
9) мүмкіндіктері шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі;
10) «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
11) «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының Қалалық мәслихат
төрағасы хатшысы
Ж. Тәжин Л. Жолмұқанова