"Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 5 қарашадағы N 4/929 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2012 жылғы 30 қарашада N 957 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 13 мамырдағы N 2/350 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 13.05.2014 N 2/350 қаулысымен (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 16 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңының 12 бабының 12 тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 тамыздағы № 1099 «Туризм саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы   әкімдігінің 02.08.2013 N 3/680 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Қоса беріліп отырған «Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Алматы қаласы Туризм басқармасы осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Құдышевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген кезден бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы әкімі                          А. Есімов

Алматы қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 5 қарашадағы № 4/929
қаулысымен бекітілген

«Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм
объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын
тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет
Регламенті

1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы регламентте келесі ұғымдар қолданылады:
      1) алушы – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке немесе заңды тұлға;
      2) Басқарма – «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      3) регламент – «Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық актісі;
      4) ҚҚБ – құрылымдық-қызметтік бірліктер – Басқарманың құрылымдық бөлімшелері, туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісіне қатысатын өзге де органдар және ақпараттық жүйелер немесе олардың кіші жүйелері;
      5) ҚҚҚ – Басқарманың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі.

2. Жалпы ережелер

      2. «Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің осы Регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес әзірленген.
      3. Мемлекеттік қызметті «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсетеді.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету түрі: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік қызмет:
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңының 12 бабының 12 тармақшасының;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 тамыздағы № 1099 қаулысымен бекітілген «Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандартының негізінде көрсетіледі.
      6. Мемлекеттік қызмет регламенті Басқарманың www.almatytourism.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      7. Туристік әлеует, оның ішінде туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтер мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады. Аяқталу түрі - қағаз тасымалдағыштағы ақпарат.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      8. Мемлекеттік қызмет алушыларға ұсынылады.
      9. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 5 жұмыс күнінен артық емес;
      2) сұраныс жолданғанда жауап күту уақыты – 30 минуттан артық емес;
      3) мемлекеттік қызметті алушыға кызмет көрсетудің уақыты - 30 минуттан артық емес.
      10. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      11. Мемлекеттік қызмет Басқарма ғимаратында көрсетіледі. Ғимарат физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пандусы бар кіріспен жабдықталған.
      12. Алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Басқармаға жазбаша сұраныс жолдайды.
      13. Өтініш еркін түрде жазылады.
      14. Құжаттардың өткізілгенін тіркеу растайды (мөр, кіріс нөмірі, мерзімі, кеңсенің телефон нөмірі). Алушы үшін көшірме жасалып, қабылдау туралы белгі қойылады.
      15. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу әдісі - жеке өзінің келуі немесе пошта арқылы.
      16. Мемлекеттік қызметті көрсетуді тоқтату немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін ешқандай негіз жоқ.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі
әрекеттердің (өзара әрекеттердің) тәртібін сипаттау

      17. Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттарды қабылдау осы Регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген Басқарманың жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіледі.
      18. Мемлекеттік қызметті алу үшін қызметті алушыдан құжаттарды алған кезден бастап мемлекеттік қызмет нәтижесін бергенге дейінгі мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
      1) қабылданған сұраныс Басқарма кеңсесінің маманымен қарастырылады және тіркеледі;
      2) тіркелген сұраныс Басқарманың басшысына беріледі және бұдан әрі туризмді дамыту бөлімінің маманына беріледі;
      3) маман Басқарма бастығының қолы қойылатын, сұраныс бойынша тиісті ақпаратты ресімдейді;
      4) ресімделген ақпаратқа Басқарма басшысы қол қояды.
      19. Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат компьютерде басылады.
      20. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне келесі ҚҚҚ қатысады:
      1) Басқарманың басшысы;
      2) кеңсе маманы;
      3) туризмді дамыту бөлімінің маманы.

«Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует,
туризм объектілері және туристік қызметті
жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1 қосымша

«Алматы қаласы Туризм басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемеcінің
мекенжайы мен жұмыс кестесі

№ р/с

Атауы

Заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үй № (пәтер), электрондық пошта)

Қала коды мен телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

«Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемеcі

Алматы қаласы Желтоқсан көшесі, 83
www.almatytourism.kz

8-727
279-51-66

279-52-61

243-85-74

Күнделікті
9.00 -ден
18.00-ге
дейін,
түскі үзіліс
13-00-ден
14-00-ге
дейін.
Демалыс және
мереке
күндерінен
басқа
(демалыс-
сенбі және
жексенбі)