Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" N 148 Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" N 213 Заңының 21-бабына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің қаулыларына қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Н.В. Дычкоға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі А. Вербняк
Екібастұз қаласы әкімдігі
2012 жылғы 30 қаңтардағы
N 142/2 қаулысының
қосымша
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 12 желтоқсандағы "Жалға алынған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалану үшін жалға берудің төлемін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-3-208 тіркелген, 2009 жылғы 15 қаңтардағы N 3 "Вести Экибастуза" және N 3 "Отарқа" газеттерінде жарияланған) N 725/11 қаулысына өзгеріс енгізілсін:
2-тармағы алынып тасталсын.
2. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қарашадағы "Жалға алынған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалану үшін жалға берудің төлемін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-3-245 тіркелген, 2009 жылғы 16 желтоқсандағы N 51 "Вести Экибастуза" және N 51 "Отарқа" газеттерінде жарияланған) N 760/12 қаулысына өзгеріс енгізілсін:
2-тармағы алынып тасталсын.
3. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 20 желтоқсандағы "Жалға алынған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалану үшін жалға берудің төлемін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-3-251 тіркелген, 2010 жылғы 28 қаңтардағы N 5 "Вести Экибастуза" және N 5 "Отарқа" газеттерінде жарияланған) N 823/12 қаулысына өзгеріс енгізілсін:
2-тармағы алынып тасталсын.