Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 27-бабы 1-тармағының 17)-тармақшасына, 2-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3154 болып тіркелген, 2010 жылғы 4 ақпандағы "Звезда Прииртышья" N 12, 2010 жылғы 4 ақпандағы "Сарыарқа самалы" N 12 газеттерінде жарияланған) N 236/18 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу орындардағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі нұсқаулықтың 5-тармағында:
"5000" деген сандар "15235" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Е. Арын