Мәслихаттың 2011 жылғы 12 қазандағы № 483 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 30 шешімі. Қостанай облысы Федоров ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 18 сәуірде № 9-20-213 тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" мәслихаттың 2011 жылғы 12 қазандағы № 483 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-20-200 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 10 қарашада "Федоровские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 1-тармағының 5)6) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
      "5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай, бір жолғы, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      6) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 68-баптарына сәйкес, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктер және кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай, бір жолғы, екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс cессияның төрағасы,
      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Б. Бекенов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Федоров аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттiк мекемесінiң бастығы
      ___________________ Т. Волоткевич

      "Федоров ауданының
      экономика және қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ____________________ В. Гринак