"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
ұзақ уақыт (бір жылдан артық) жұмыс істемеген адамдар;
21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар;
орта арнайы және кәсіптік білім беру ұйымдарының, сондай-ақ, кәсіптік қайта даярлау курстарының түлектері;
жұмысқа орналастыру үшін жасы ұлғайған адамдар (елу жастан асқан).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Н.Қ. Өтегеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Ахметов