Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлуметтік көмек туралы

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 26 шешімі. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы № 9-19-175 тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" Мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктерге, ай сайын, төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, тұрмыстық қажеттіліктерге, ай сайын, екі жарым айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғаларға, қайтыс болғанды жерлеуге, қайтыс болғанның отбасы мүшелеріне төленеді, бір жолғы, он бес есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, бір жолғы, он бес есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      5) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға, бір жолғы, он есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай, бір жолғы, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай, біржолғы, екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2. Мыналар анықталсын:
      1) осы шешімнің қосымшасына сәйкес "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша теңестірілген тұлғаларға тұрмыстық қажеттіліктерге, ай сайын берілетін әлеуметтік көмек өтініш берген айынан тағайындалады және өтініш берген адам қайтыс болуымен немесе Ұзынкөл ауданының аумағы шегінен оның көшуімен байланысты тоқтатылады. Аталған оқиғалардың болған айынан, келесі айынан төлеу тоқтатылады.
      3. "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" мәслихаттың 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 415 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-19-162 тіркелген, 2011 жылғы 20 қазанда "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл аудандық мәслихатының
      кезекті бесінші cессияcының
      төрайымы                                   А. Искенова

      Ұзынкөл аудандық
      мәслихатының хатшысы                       В. Вербовой

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________________ Г.Асқарова

Мәслихаттың         
2012 жылғы 12 сәуірдегі № 26 
шешіміне қосымша      

"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті
тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу
үшін қажетті құжаттар тізбесі

      1. Міндетті құжаттар:
      1) әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұтынушының өтініші;
      2) алушының жеке басын куәландыратын құжат, ал кәмелетке толмаған алушылар үшін – туу туралы куәлік;
      3) алушының салық төлеуші куәлігі;
      4) алушының тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжат;
      5) алушының банктық шоты бар болуын растайтын құжат;
      6) алушының заңды өкілі өтініш жасаған кезде, жеке басын куәландыратын құжат, және заңды өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат қоса беріледі.
      2. Қосымша құжаттар:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай және тұрмыстық қажеттіліктерге:
      егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      2) жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғаларға, қайтыс болғанды жерлеуге:
      қайтыс болуы туралы куәлік;
      туыстық қатынастарды растайтын құжат;
      3) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеу үшін:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға, тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      қайтыс болуы туралы куәлік;
      4) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғалар үшін, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға:
      емделуде болғанын растайтын, тиісті медициналық ұйымнан анықтама.
      3. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқа мен көшірмелерде ұсынылады, содан соң құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге өтініш берген күні қайтарылады.
      4. Осы шешімнің 1-тармағының 3) тармақшасымен көзделген жағдайда, жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыз ретінде тіркелгендігін тексереді.