Евгенов ауылының көшелеріне атау беру туралы

Қостанай облысы Таран ауданы Евгенов селосы әкімінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі № 1 шешімі. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 11 мамырда № 9-18-168 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селосының", "селосы" деген сөздері "ауылының", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылды - Қостанай облысы Таран ауданы Евгенов ауылы әкімдігінің 06.05.2014 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына сәйкес, Евгенов ауылы халқының пікірін ескеріп ШЕШТІ:
      1. Евгенов ауылының атаусыз көшелеріне атаулар берілсін:
      1) № 1 атаусыз көшесіне - Целинная көшесі;
      2) № 2 атаусыз көшесіне - Шанхай көшесі;
      3) № 3 атаусыз көшесіне - Совхозная көшесі;
      4) № 4 атаусыз көшесіне - Молодежная көшесі;
      5) № 5 атаусыз көшесіне - Малая көшесі;
      6) № 6 атаусыз көшесіне - Школьная көшесі;
      7) № 7 атаусыз көшесіне - Элеваторная көшесі;
      8) № 8 атаусыз көшесіне - Рабочая көшесі;
      9) № 9 атаусыз көшесіне - Центральная көшесі;
      10) № 10 атаусыз көшесіне - Строительная көшесі.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Б. Хасенов