Мәслихаттың 2011 жылғы 28 қазандағы № 497 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2012 жылғы 24 шілдедегі № 71 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 13 тамызда № 9-15-179 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 112 шешімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2012.19.12 № 112 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15)-тармақшасына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" мәслихаттың 2011 жылғы 28 қазандағы № 497 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9-15-160 болып тіркелді, 2011 жылғы 1 желтоқсанда "Меңдіқара үні" аудандық газетінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      осы шешімнің 1-тармағының 8)-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "8). Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктерге, ай сайын, 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            О. Нұрабаев

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    В. Леонов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Меңдіқара ауданының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ________ В. Гребенюк

      "Меңдіқара ауданының
      экономика және
      бюджеттік жоспарлау
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ________ Г. Айсенова