Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 372 қаулысы. Қостанай облысы Қарабалық ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 24 шілдеде № 9-12-194 тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысына сәйкес, бюджетті іске асыру мақсатында, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әр балаға тоқсан сайын әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі анықталсын.
      3. Тиісті оқу жылы ішінде әлеуметтік көмек төлемі белгіленсін.
      4. Әлеуметтік көмек төлемі екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек тұтынушының банктік шотына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен жүзеге асырылады.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарабалық ауданы әкiмiнің орынбасары М.А. Исенбаевқа жүктелсiн.
      6. "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына материалдық көмек корсету туралы" әкімдіктің 2008 жылғы 14 тамыздағы № 212 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-12-82 нөмірімен тіркелген, 2008 жылы 18 қыркүйекте "Айна" газетінде жарияланған).
      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Қарабалық ауданы
      әкімінің міндет атқарушы                   Б. Кәкімжанов