"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5) тармақшасына, 20-бабының 5-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің "2012 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-198 болып тіркелген, 2012 жылғы 9 ақпанда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері және нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көзі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары Ә.С. Сапароваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі В. Радченко
Әкімдіктің
2012 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 416 қаулысына қосымша
Әкімдіктің
2012 жылғы 10 қаңтардағы
№ 2 қаулысымен бекітілген
Ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері,
көлемдері және нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға
қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының
мөлшері және оларды қаржыландыру көзі
Ұйымның |
Жұмыстың |
Жұмыстың |
Қоғамдық |
Қоғамдық |
"Ұста плюс" |
Қызметкердің |
Лисаков |
3 ай |
Барлығы: 130 адам, |
кестенің жалғасы:
Қаржыландыру |
Еңбегіне |
Қоғамдық |
Қоғамдық |
Лисаков |
Айына ең |
Барлығы 2012 |
1) жұмыс уақытының |