"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс орындарына квота белгіленсін:
жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін;
жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін.
2. "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өтініш жасаған қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмысқа жібергенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
3. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" әкімдіктің 2011 жылғы 29 наурыздағы № 120 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 29 наурызда № 9-3-146 болып тіркелген, 2011 жылғы 15 сәуірде "Арқалық хабары" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Е.Ж. Мәметековке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арқалық
қаласының әкімі Б. Әбдіғалиұлы