"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес, Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" мәслихаттың 2010 жылғы 9 шілдедегі № 313 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 9-1-152, 2011 жылғы 24 тамыздағы және 2011 жылғы 26 тамыздағы "Қостанай" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
1-тармақтың екінші, үшінші абзацтары жаңа редакцияда жазылсын:
"жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;
тұрғын үйдің меншік иелерінің немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын, отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;";
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) (бұдан әрі - өтініш беруші) тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталығына (бұдан әрі - орталық) өтінішпен өтініш жасайды және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысының 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.";
3-тармақ жойылсын;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттарды беру сәтінен бастап күнтізбелік он күн ішінде өтініш берушіні тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлайды немесе өтініш берушіге бір данасы берілетін тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді.";
12, 13-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
"12. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
13. Уәкілетті органмен отбасының (азаматтың) жиынтық табысы қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі.";
15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"15. Белгiленген нормалар шегiндегi шектi жол берiлетiн отбасының (азаматының) шығыстар үлесi жиынтық табыстың он пайызы мөлшерiнде белгiленедi.".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
№ 13 сайлау округі
бойынша депутаты С. Есмұратов
Қостанай қалалық
мәслихатының хатшысы Н. Халықов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай қаласы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалары бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
бастығының орынбасары
_________________ Ғ. Абзулинов
"Қостанай қаласы әкімдігінің
қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________ Р. Айтқожинова
"Қостанай қаласы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
__________________ Н. Дорошок