"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 8-бабына және 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес және Меңдіқара мен Сарыкөл аудандарының аудандық өкілді және атқарушы органдарының пікірлерін ескере отырып, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тұрғындарының саны 50 адамнан кем мынадай елді мекендер таратылсын:
Меңдіқара ауданы Первомай селолық округінің Русское селосы;
Меңдіқара ауданы Ломоносов селолық округінің Лютинка селосы;
Сарыкөл ауданы Маяк селолық округінің Басағаш селосы;
Сарыкөл ауданы Лесной селолық округінің Еңбек селосы.
2. Таратылған елді мекендер енгізілсін:
Русское селосы Меңдіқара ауданы Первомай селолық округінің Первомай селосының құрамына;
Лютинка селосы Меңдіқара ауданы Ломоносов селолық округінің Қасқат селосының құрамына;
Басағаш селосы Сарыкөл ауданы Маяк селолық округінің Маяк селосының құрамына;
Еңбек селосы Сарыкөл ауданы Лесной селолық округінің Большие Дубравы селосының құрамына.
3. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі Сессия төрағасы
_________ Н. Садуақасов ______ А. Байғабелов
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
_________ С. Ещанов