Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Лермонтов селосы мен Лермонтов селолық округін қайта атау туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2012 жылғы 19 шілдедегі № 3 қаулысы және Қостанай облысы мәслихатының 2012 жылғы 19 шілдедегі № 58 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 7 тамызда № 3822 тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Алтынсарин ауданының Лермонтов селосы мен Лермонтов селолық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып және Алтынсарин ауданының өкілді және атқарушы органдарының ұсыныстары бойынша Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Алтынсарин ауданының Лермонтов селосы Алтынсарин ауданының Ілияс Омаров атындағы селосы болып қайта аталсын.
      2. Алтынсарин ауданының Лермонтов селолық округі Алтынсарин ауданының Ілияс Омаров атындағы селолық округі болып қайта аталсын.
      3. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қостанай облысының әкімі
____________ Н. Садуақасов

Сессия төрайымы
_______ Р. Бектұрғанова



Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
____________ С. Ещанов