"Қазақстан Республикасының әкімшілік-құқықтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес, аудандық өкілді және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Олардың жер пайдалану шегіндегі аумақтарын қоса келесі елді мекендер:
Қамысты ауданының Жайылма селолық округіне Қамысты ауданының Пушкин селосы;
Таран ауданының Белинский селолық округіне Таран ауданының Смайыл селосы;
Ұзынкөл ауданының Ұзынкөл селолық округіне Ұзынкөл ауданының Ұзынкөл селосы, оны округ орталығы етіп белгілей отырып;
Арқалық қаласының Қайынды селолық округіне Арқалық қаласының Алуа селосы әкімшілік бағынысқа берілсін.
2. Амангелді ауданының Үштоғай селолық округі Амангелді ауданының Степняк және Үштоғай селоларын құрамына ала отырып, округ орталығы Ұштоғай селосы болып белгіленіп, құрылсын.
3. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он кұн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі |
Сессия төрайымы |
Қостанай облыстық |