Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 28 мамырдағы № 37/323 "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 6/61 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 01 қазанда № 2161 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 16/155 шешімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 12.12.2013 № 16/155 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-ІV Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының  15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 43-1 бабына сәйкес, қалалық маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 28 мамырдағы № 37/323 «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау   және көрсету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік  тіркеу Тізілімінде 2007 жылы 4 шілдеде № 11-1-57 болып тіркелген, 2007 жылғы  14 шілдедегі № 121-122 «Маңғыстау» газетінде жарияланған)  шешімінекелесі өзгерістер енгізілсін:
      осы шешімнің тақырыбы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы»;
      1 қосымшадағы:
      9,10,11 реттік нөмірлер жолдары алынып  тасталсын.
      2.Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                         С.Токмашов

      Қалалық  мәслихат
      хатшысы                                 М. Молдағұлов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Ақтау қалалық жұмыспен қамту
      және әлеуметтікбағдарламалар
      бөлімі» мемлекеттікмекемесінің
      бастығы
      Г. Хайрлиева
      12 қыркүйек 2012 жыл