Қарақия ауданының Болашақ селолық округін құру туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 05 желтоқсандағы № 308 қаулысы және Маңғыстау облысы мәслихатының 2012 жылғы 07 желтоқсандағы № 7/82 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 қаңтарда № 2195 тіркелді

Қолданыстағы

      Қарақия аудандық мәслихаты мен Қарақия ауданы әкімдігінің Қарақия ауданының Болашақ селолық округін құру туралы ұсынысын қарай келіп, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыcы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Болашақ, Бопай станцияларының және Ақбөбек, Бастау, Бестөрткөл, Құрмаш, Тайғыр бекеттерінің негізінде Болашақ селосы құрылсын.
      2. Осы қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес Болашақ селосының шекарасында жалпы аумағы 15043,26 га құрайтын және орталығы Болашақ селосы болатын Болашақ селолық округі құрылсын.
      3. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д. Сейбағытов) осы қаулы мен шешімнің интернет-ресурста жариялануына бақылауды жүзеге асырсын.
      4.Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Б.Қанешевке жүктелсін.
      5.Осы қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыс әкімі                               Сессия төрағасы
      Б. Мұхаметжанов                             М. Дүйсенбаев

                                      Облыстық мәслихат хатшысы
                                                     Б. Жүсіпов