Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2012 жылғы 26 қыркүйектегі N 11-8 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 25 қазанда N 4328 тіркелді

Жаңартылған

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағына, сондай-ақ "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 Қаулысына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШЕМІЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы бекітілсін.
      2. Жалағаш аудандық мәслихат аппаратының бас маманы (Б.Мұқашев) осы шешімнің Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Жалағаш аудандық
      мәслихатының ХІ-сессиясының
      төрағасы                                 Д. БАЙМАХАНОВ

      Жалағаш аудандық
      мәслихатының хатшысы                     К. СҮЛЕЙМЕНОВ

      2012 жылғы "26" қыркүйектегі N 11-8
      Жалағаш аудандық мәслихатының
      шешімімен бекітілген

Тұрғын үй көмегін көрсету
      Қағидасы

      Осы Қағида "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына сәйкес әзірленді.

       1.  Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегi аудандық бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      2) тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
      3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге;
      4) жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге берiледi.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2012.12.20 N 14-9 шешімімен.
      2. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету жөнiндегi шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табыстың 15 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2012.12.20 N 14-9 шешімімен.
      3. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады.
      4. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегi бюджет қаражаты есебiнен көрсетiледi.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2012.12.20 N 14-9 шешімімен.
      5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысымен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      6. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
      7. Уәкiлеттi орган өтініш берушіге тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн қажет құжаттарды берген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде тұрғын үй көмегiн тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнiнде шешiм қабылдап, өтініш берушіні хабардар етеді.
      8. Ұсынылған құжаттардың дұрыстығын растау қажеттiлiгi туындаған жағдайда уәкілетті орган өтiнiш иесiнiң материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргiзуге құқығы бар.
      9. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органға толық әрі дұрыс мәліметтер беруі тиіс.
      10. Тұрғын үй көмегiн алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi Агенттiгi төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы N 471 бұйрығымен бекітілген тұрғын үй көмегiн алуға, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қағидасына сәйкес есептеледі.

       2. Тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi

      11. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормасына сәйкес жүргізіледі:
      1) Электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға:
      3 адамға дейінгі отбасына – 100 киловатт;
      3 адамнан жоғары отбасына – 150 киловатт.
      2) Газ пайдалану нормалары 1 айға:
      3 адамға дейінгі отбасына – 10 килограмм;
      3 адамнан жоғары отбасына – 20 килограмм.
      3) Отын пайдалану нормасы:
      Отын пайдалану әр отбасыға (азаматқа) от жағу маусымына: қазан- қараша айларына 500 килограммнан, желтоқсан-қаңтар-ақпан айларына 1000 килограммнан, наурыз-сәуір айларына 500 килограммнан.
      4) Тұрғын үйді қамтамасыз етуге қажетті сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қоқыс шығару шығыстарын пайдалану нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.

       3. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

      12. Тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады.