"2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" Арал аудандық мәслихатының 2011 жылғы 23 желтоқсандағы N 248 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2012 жылғы 26 маусымдағы N 27 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 24 шілдеде N 10-3-202 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2013 жылғы 06 ақпандағы N 40 хаты)

Күшін жойған

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші  жойылды - (Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 06.02.2013 N 40 хаты).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШЕМІЗ:
      1. Арал аудандық мәслихатының 2012 жылғы 15 ақпандағы кезектен тыс екінші сессиясында бекітілген "2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" Арал аудандық мәслихатының 2011 жылғы 23 желтоқсандағы N 248 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 9 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 10-3-197 нөмірімен тіркелген, аудандық "Толқын" газетінің 2012 жылғы 04 сәуірдегі N 27 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтағы:
      "1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшалар мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      1) кірістер - 6 566 319 мың теңге, оның ішінде;
      салықтық түсімдер - 975 107 мың теңге;
      салықтық емес түсімдер – 9 305 мың теңге;
      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 19 700 мың теңге;
      трансферттер түсімдері - 5 562 204 мың теңге, оның ішінде субвенция көлемі - 4 448 823 мың теңге;
      2) шығындар - 6 673 017 мың теңге;
      3)таза бюджеттік кредит беру - 22 566 мың теңге;
      бюджеттік кредиттер - 28 813 мың теңге;
      бюджеттік кредиттерді өтеу – 6 247 мың теңге;
      қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0;
      қаржы активтерін сатып алу – 0;
      мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
      5) бюджет тапшылығы (профициті) - -76 548 мың теңге;
      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 76 548 мың теңге."
      2. Арал аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 қаңтардағы кезектен тыс қырық екінші сессиясында бекітілген "2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" Арал аудандық мәслихатының 2011 жылғы 23 желтоқсандағы  N 248 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 251 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 10-3-195 нөмірімен тіркелген, аудандық "Толқын" газетінің 2012 жылғы 14 наурыздағы N 21 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтағы:
      "1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшалар мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      1) кірістер – 6 558 016 мың теңге, оның ішінде:
      салықтық түсімдер – 975 107 мың теңге;
      салықтық емес түсімдер – 9 305 мың теңге;
      негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 11 700 мың теңге;
      трансферттер түсімдері - 5 561 904 мың теңге, оның ішінде субвенция көлемі - 4 448 823 мың теңге;
      2) шығындар - 6 558 016 мың теңге;
      3) таза бюджеттік кредит беру - 8 315 мың теңге;
      бюджеттік кредиттер - 14 562 мың теңге;
      бюджеттік кредиттерді өтеу – 6 247 мың теңге;
      қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0;
      қаржы активтерін сатып алу – 0;
      мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
      5) бюджет тапшылығы (профициті) - -20 809 мың теңге;
      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 20 809 мың теңге."
      3. "2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" Арал аудандық мәслихатының 2011 жылғы 23 желтоқсандағы N 248 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 26 сәуірдегі кезектен тыс төртінші сессиясының N 24 шешімі жойылсын.
      4. Осы шешім 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Арал аудандық
      мәслихатының кезектен тыс
      бесінші сессиясының төрағасы,
      аудандық мәслихаттың хатшысы                     К. Данабай