Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекiту туралы" N 316 қаулысына сәйкес, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтiк қолдау көрсету мақсатында, Шет ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2012 жылы әлеуметтiк жұмыс орындары құрылатын ауданның ұйымдары, кәсiпорындары, мекемелерiнiң тiзiмi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. "Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (Б. Бекенов), "Шет ауданының жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (Б. Исабеков):
1) Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнде жұмыссыз ретiнде тiркелген, әлеуметтiк жұмыс орындарында жұмыс iстеуге ниет бiлдiрген нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа жiберу бойынша жұмыс жүргiзсiн;
2) осы санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс берушiлермен келiсiм шарт жасау туралы жұмыс жүргiзсiн;
3) әлеуметтiк жұмыс орындарының ұйымдастырылуының тиiмдiлiгiн бақылау, жасалған шарттардың орындалуы бойынша жұмыс жүргiзсiн;
4) әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мониторингiн жүргiзсiн.
3. Әлеуметтiк жұмыс орындарға орналыстырған азаматтарға ақы төлеуiн келесi мөлшерде жүргiзілсiн:
1) алғашқы алты айда республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен еңбекақыдан 50 пайызы мөлшерiнде және жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен 50 пайыздан аз емес мөлшерiнде;
2) келесi үш айда республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен еңбекақыдан 30 пайызы мөлшерiнде және жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен 70 пайыздан аз емес мөлшерiнде;
3) соңғы үш айда республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен еңбекақыдан 15 пайызы мөлшерiнде және жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен 85 пайыздан аз емес мөлшерiнде.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шет ауданы әкiмiнiң орынбасары Ә.Ж. Қауымбаевқа жүктелсiн.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шет ауданының әкiмi Р. Әбдікеров
Шет ауданы әкiмдiгiнiң
2012 жылғы 23 ақпандағы
N 02/01 қаулысына қосымша
Әлеуметтiк жұмыс орындары құрылатын ауданның ұйымдары, кәсiпорындары және мекемелерiнiң тiзiмi
Реттік N |
Кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер |
Кәсіп (мамандық) |
Жоспарланатын жұмыс орындарының саны |
Жоспарланатын жұмыстардың ұзақтығы (ай) |
Айлық еңбекақы мөлшері, теңге |
Жоспарланатын өтемақы мөлшері, теңге |
1 |
"Караганда ПутьСервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
бас есепші |
1 |
10 ай |
52 000 |
26 000 6 ай |
оператор |
1 |
10 ай |
52 000 |
|||
2 |
"Дарын" шаруа қожалығы |
жүргізуші |
2 |
10 ай |
52 000 |
26 000 6 ай |
механизатор |
1 |
10 ай |
52 000 |
|||
3 |
"Қайрақты" шаруа қожалығы |
трактор жүргізуші |
2 |
10 ай |
52 000 |
26 000 6 ай |
малшы |
2 |
10 ай |
52 000 |
|||
механизатор |
1 |
10 ай |
52 000 |
|||
4 |
"Шет аудандық әкімдігінің "Қызмет-А" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны |
жинаушы |
1 |
8 ай |
52 000 |
26 000 6 ай |
аула сыпырушы |
1 |
8 ай |
52 000 |
|||
күзетші |
1 |
7 ай |
52 000 |