Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 ақпандағы 2 сессиясының "Жаңаарқа ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 2/17 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-12-125 болып тіркелген, "Жаңаарқа" газетінің 2012 жылғы 7 сәуірдегі N 16 (9489) санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген орыс тіліндегі Ереженің тақырыбында "предоставления" сөзі "оказания" сөзімен ауыстырылсын;
Ереженің 8, 9 тармақтары алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
VIII сессиясының төрағасы Б. Бекежанова
Аудандық мәслихат хатшысы Д. Жұмасейітов
КЕЛІСІЛДІ:
"Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы Ш. Ибраева
2012 жылғы 20 тамыз