2012 жылы Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы мәслихатының II сессиясының 2012 жылғы 25 ақпандағы N 2/16 шешімі. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 12 наурызда N 8-12-124 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бабының 3 тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қаулысының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2012 жылы Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына, өтініш берген сәтіне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне тең сомада көтермелі жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін өтініш берген сәтіне, маманмен мәлімделген сомада, бірақ бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын, бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      2. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2011 жылғы 29 наурыздағы XXXIV сессиясының N 34/297 "2011 жылы Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 8-12-106 болып тіркелген, "Жаңаарқа" газетінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі N 19 (9444) санында жарияланған), Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2011 жылғы 10 қазандағы XXXIX сессиясының N 39/344 "Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2011 жылғы 29 наурыздағы XXXIV сессиясының N 34/297 "2011 жылы Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 8-12-113 болып тіркелген, "Жаңаарқа" газетінің 2011 жылғы 22 қазандағы N 45 (9469) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет және аймақтық саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
      II сессиясының төрағасы                    З. Аманов

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Д. Жұмасейітов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жаңаарқа ауданының экономика және
      бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        З. Сердалинов
      2012 жылғы 25 ақпан