РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512, "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314, "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 394 қаулыларына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Бұқар жырау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы ережесі бекітілсін.
2.Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 6 наурыздағы 2 сессиясының "Бұқар жырау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 4 шешімінің (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-11-132 болып енгізілген, "Сарыарқа" аудандық газетінің 2012 жылғы 31 наурыздағы N 13 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
мәслихат хатшысы А. Жүніспеков
Бұқар жырау
аудандық мәслихатының
2012 жылғы 20 қыркүйектегі
8 сессиясының N 5 шешімімен
бекітілген
Бұқар жырау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы ережесі
Осы Бұқар жырау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" 2008 жылғы 19 шілдедегі N 710, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифiнiң көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулыларына сәйкес әзірленді және Бұқар жырау ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындайды.
1.Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
2) коммуналдық қызметтер – тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;
3) кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
4) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
5) өтініш беруші (жеке тұлға) – өз атынан немесе отбасы атынан тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші);
6) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
7) уәкілетті орган - тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын "Бұқар жырау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган);
8) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы.
2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Бұқар жырау ауданы аумағында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;
2) тұрғын жайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары), болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
3) байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын жайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
4) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
5) алынып тасталды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 25.12.2013 N 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша, тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 25.12.2013 N 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. Тұрғын үй көмегі Бұқар жырау ауданында тұрақты тұратын, осы тұрғын үйде тіркелген, тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), егер тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына тұрғын үй аумағының шекті шамасында шығындар, өтемақылық шамалармен қамтамасыз етілген жағдайда, бірақ алатын нақты жалпы алаңынан және тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтыну, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына, сондай-ақ телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуіне шығындарының нормативтерінен аспайтын, отбасы бюджетінде осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар үлесінен асатын тұлғаларға беріледі.
2. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
4. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш беруші уәкілетті органға немесе тұрғылықты жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш береді және келесі құжаттарын ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады, содан кейін түпнұсқалар өтініш иесіне қайтарылады, ал құжаттардың көшірмесі жеке іске қоса тіркеледі.
5. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттарды ұсынған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдайды.
6. Тұрғын үй көмегі өтініш беру айынан бастап тағайындалады және өтініш беруші өтініш жасаған ағымдағы тоқсанға көрсетіледі.
7. Тұрғын үй көмегін алушы тұрғын үй көмегі мөлшерінің өзгеруі үшін негіз бола алатын мән-жайлар, сондай-ақ оның дұрыс есептелмеген жағдайлар туралы уәкілетті органға хабарлайды.
8. Тұрғын үй көмегі мөлшеріне ықпал ететін мән-жайлар туындағанда, (алушы қайтыс болуын қоспағанда) көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап қайта есептеу жүргізіледі.
9. Өтініш берушімен тұрғын үй көмегін заңсыз тағайындауға әкеп соққан жалған мәліметтер ұсынылғаны анықталған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу оны тағайындау мерзіміне тоқтатылады.
10. Жалғыз тұратын тұрғын үй көмегін алушы қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Тұрғын үй көмегін алушы отбасы мүшесінің бірі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап қайта есептеу жүргізіледі.
Қайтыс болғанға байланысты төлемдерді тоқтату немесе қайта есептеу қайтыс болған адамдардың тізімдері негізінде немесе отбасы мүшелері ұсынатын мәліметтер бойынша жүргізіледі.
3. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері
11. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысына сүйене отырып анықталады.
12. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысы, қолданыстағы заңнамамен айқындалған тәртіпте, тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанға уәкілетті органмен есептеледі.
13. Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысына 15 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
14. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде алаңның нормасы есепке алынады:
1) өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй аланының нормасы отбасының әр мүшесіне тұрғын үй заңнамасымен белгіленген тұрғын үй беру нормасына баламалы және көп бөлмелі пәтерлерде бір адамға 18 шаршы метрді құрайды, бір бөлмелі пәтерде тұратындар үшін – пәтердің жалпы алаңы. Көп бөлмелі пәтерлерде жалғыз тұратын азаматтар үшін аланның әлеуметтік нормасы - 30 шаршы метр;
2) коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары:
бір адамға көлемді газ:
қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсына отырып (түбіртектер, анықтамалар), нақты шығындар бойынша, бірақ орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз етудің бар немесе жоқ болуына қарамастан, айына 8 килограммнан артық емес;
қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсына отырып (түбіртектер, анықтамалар) баллон газын тұтыну нақты шығындар бойынша, бірақ көлемді газды тұтыну бойынша айына бір адамға белгіленген нормативтен артық емес (айына 8 килограммнан артық емес);
қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсына отырып (түбіртектер, жүкқұжаттар, шот-фактуралар) нақты шығындар бойынша қатты отынды тұтыну:
1985 жылға дейін салынған тұрғын ғимараттар үшін 1-2 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылыту маусымына есептелгенде) - 161 килограмм көмірден артық емес, 3-4 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылыту маусымына есептелгенде) - 98 килограмм көмірден артық емес;
1985 жылдан кейін салынған тұрғын ғимараттар үшін 1-2 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылыту маусымына есептелгенде) - 125 килограмм көмірден артық емес, 3-4 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылыту маусымына есептелгенде) - 72 килограмм көмірден артық емес;
жылыту маусымының ұзақтығы – 6 ай;
тұрғын үй көмегін есептегенде, статистика органдарының мәліметтері бойынша Бұқар жырау ауданында өткен тоқсанда қалыптасқан көмір бағасы қолданылады;
нақты шығындар бойынша, отбасының электроэнергиясын тұтынуы:
газ плиталарымен жабдықталған үйлерде айына – 150 киловаттан;
электр плиталарымен жабдықталған үйлерде айына – 250 киловаттан артық емес;
3) суық суды, кәрізді, ыстық суды, қоқыс төккішті, газды тұтыну нормалары, тұрғын үйді күтіп-ұстау шығындары басқару нысанына тәуелсіз (пәтер иелерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері) қызмет көрсетушімен немесе тарифті бекітетін органмен бекіткен тарифтердің негізінде белгіленеді.
15. Коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеу құралдары бар тұтынушыларға есеп айырысу үшін, өткен тоқсанның немесе қызмет толық көлемде көрсетілген соңғы тоқсандағы есептеу құралдардың көрсеткіштері негізінде, бірақ есептеу құралдары жоқ тұтынушылар үшін белгіленген коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларынан аспайтын нақты шығынмен айқындалады.
16. Белгіленген нормалардан жоғары коммуналдық қызметтерді тұтынуды төлеу тұрғын үйдің меншік иелерімен, жалдаушыларымен (қосымша жалдаушыларымен) жалпы негізінде жүргізіледі.
4. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі
17. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ ағымдағы нысаналы трансферттер қаражаты есебінен (олар бөлінген жағдайда) жүзеге асырылады.
18. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушының өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушының, кондоминиум объектілерін басқару органдарының жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы операция түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Шоттарға ақшалай сомаларды аудару уәкілетті органмен ай сайын жүргізіледі.
Бұқар жырау ауданының
тұрғындарына тұрғын үй
көмегін көрсету мөлшері мен
тәртібі туралы ережесіне
қосымша
Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы
өтініш
Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 25.12.2013 N 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Өтініш берушіні есепке алғанда, ________ адамнан тұратын менің отбасыма тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, тұрғын үйді пайдалынғаны үшін жалға алу төлемақысына, сондай-ақ телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін төлеуге тұрғын үй көмегін тағайындауыңызды сұраймын.
Мен және менің отбасымның мүшелері табысы жөніндегі мәліметтерді беруге келісім білдіргеніміздің дәлелі ретінде заңды және жеке тұлғаларға ұсынылуы мүмкін табыстар жөніндегі ақпаратты жариялауға уәкілетті органға өз рұқсатымызды береміз.
Мен тұрғын үй көмегінің артық немесе заңсыз тағайындалуына әкеліп соқтыратын әдейі жалған мәліметтерді бергені үшін көмекті төлеу тоқтатылатыны, ал заңсыз алынған сомалар ерікті түрде қайтарылуы тиіс, бас тартылған жағдайда- сот тәртібімен қайтарылатыны жөнінде ескертілдім.
Қажетті құжаттарды қоса ұсынамын.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177 бабының 1 тармағына және 325 бабының 3 тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың дұрыстығына жүктелетін жауапкершілік туралы ескертілдім.
Өтініш берушінің деректері:
Тегі, аты, әкесінің аты ______________________________________
Жеке куәлік деректері _______________________________ берілген
(өтініш берушінің туған күні, N және куәліктің уақыты)
Отбасының өтініш беру тоқсанының алдындағы тоқсандағы жиынтық табысының орташа айлық мөлшері _____________________________________
Өтініште көрсетілгендерден басқа табыстар жоқ.
Тұрғылықты жері ___________________ ___________________ көшесі
_____ үй ___________ пәтер телефон _______________
тиістілік _______________________ түрі _______________________
(пәтер иелері кооперативі) (жеке, мемлекеттік)
Жалпы алаңы _______ шаршы метр.
Қосымша алаңы _____ шаршы метр.
Бөлме саны ________
Әлеуметтік мәртебе _____________ отбасылық жағдай ____________
Өтініш берушінің қолы __________________
Күні ___________________________________