РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7- бабының 5-5) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Панфилов ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 10 қазандағы "Панфилов ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 14 қарашадағы тіркелген нөмірі N 2-16-142, "Жаркент өңірі" аудандық газетінің 2011 жылғы 21 қарашадағы 47-нөмірінде жарияланған) N 749 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы келесі редакцияда баяндалсын:
"Панфилов ауданында қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы";
1-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
"1. Меншік құқығына қарамастан, Панфилов ауданының ұйымдары мен мекемелерінде, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бес процент мөлшерінде квота белгіленсін".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Раев Амантай Әбдіқадырұлына жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М. Бигелдиев
КЕЛІСІЛДІ:
"Панфилов ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Азат Жапарұлы Жақыбай
04 желтоқсан 2012 жыл