Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Алматы облысы Қаратал аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы N 21 қаулысы. Алматы облысының әділет департаменті Қаратал ауданының әділет басқармасында 2012 жылы 10 ақпанда N 2-12-186 тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Барлық меншік нысандарындағы мекемелерде және ұйымдарда, кәсіпорындарда жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Дүйсембінов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қаратал аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімінің бастығы            С. Амандосов
      23 қаңтар 2012 жыл