Талдықорған қаласы бойынша ауылдық елді мекендерде жұсмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы

Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі N 39 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Талдықорған қаласының Әділет басқармасында 2012 жылы 04 мамырда N 2-1-163 тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 4-тармағына сәйкес Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Талдықорған қаласы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихат аппаратының жетекшісі Қауысбеков Владимир Оңалбайұлына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезекті 6 сессияның
      төрағасы                                   Т. Ахажан

      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы                                    М. Бопазов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Талдықорған қаласының
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Мәженов Қайрат Рысханұлы
      10 сәуір 2012 жыл