Облыс аумағында карантиндік аймақ белгілеу туралы

Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі N 286 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 15 қазанда N 2144 тіркелді

Жаңартылған

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы "Өсімдіктер карантині туралы" Заңының 9-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, облыс аумағында таралған карантиндік объектілердің ошақтарын оқшаулау және жою мақсатында уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Карантиндік объектілердің түрлері бойынша жалпы көлемі 152 747,21 гектарда аудандар (қалалар) кескінінде карантиндік режимді енгізе отырып, қосымшаға сәйкес облыс аумағында карантиндік аймақ белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы облыстық әкімдігінің 28.01.2014 N 11 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Алматы облысы әкімдігінің 2005 жылғы 20 шілдедегі "Облыс аумағында карантиндік аймақ белгілеу туралы" N 165, (Алматы облысының Әділет департаментінде 2005 жылдың 8 тамызында нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1941 нөмірімен енгізілген, "Жетісу" газетінің 2005 жылғы 06 қыркүйекте N 100 санында жарияланған) қаулысының және Алматы облысы әкімдігінің 2007 жылғы 24 қаңтардағы "Облыс аумағында карантиндік аймақ белгілеу туралы" N 165 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы N 5, (Алматы облысының Әділет департаментінде 2007 жылдың 14 ақпанында нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1981 нөмірімен енгізілген, "Огни Алатау" газетінің 2007 жылғы 20 ақпанда N 22 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Д. Досымбековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                А. Мұсаханов

Облыс әкімдігінің 2012 жылғы
18 қыркүйектегі "Облыс аумағында
карантиндік аймақ белгілеу
туралы" N 286 қаулысына
қосымша

Алматы облысының аумағында ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің
карантиндік объектілерін жоюға арналған карантиндік аймақ
көлемі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Алматы облыстық әкімдігінің 28.01.2014 N 11 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

N

Аудандар,
қалалар

Барлық
залалданған
жер көлемі, га

соның ішінде карантиндік объектілердің түрлеріне шаққанда

американ-
дық
ақ көбелек

кали-
форния-
лық қалқан-
шалы
сымыры

шығыс
жеміс
жемірі

жұпсыз
жібек көбе-
легі

Ком-
сток сымыры

1

Ақсу

15613






2

Алакөл

13300


5




3

Балқаш

3724






4

Еңбекші-
қазақ

26601

80

1018

857

390


5

Ескелді

3137


10

42

15


6

Жамбыл

3004




6


7

Іле

2562

80

58

22

2


8

Қарасай

3541

25

180

101

10

15

9

Қаратал

7349






10

Кербұлақ

29894



5



11

Көксу

12137


85




12

Панфилов

4303


367

191

49


13

Райымбек

4633,21




35


14

Сарқан

6719






15

Талғар

9586

49

269

50

65


16

Ұйғыр

3722






17

Қапшағай
қ-сы

1062






18

Талдықор-
ған қ-сы

1481


20

50

10


19

Текелі қ-сы

379


19

15

25



БАРЛЫҒЫ

152747,21

234

2031

1333

607

15

кестенің жалғасы

картоптың
алтын түстес
жұмыр құрты

жеміс
дақылдарының
бактериялды
күйігі

жусан
жапырақты
ойран шөп

жатаған
у кекіре

сары
шырмауық




15032

581




12910

385




2900

824


27

2535

18346

3348




1818

1252




2356

642



80

1994

326



193

2307

710




5815

1534




29740

149




10747

1305




3087

609

74,21



4324

200




6100

619


60

1366

6900

827




3292

430



50

757

255




885

516




200

120

74,21

87

4224

129510

14632