Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес пайызға жоғары айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 82 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 10 қаңтарда № 3488 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешен мен селолық аумақтардың дамуын мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 4 тармағына сәйкес Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғары айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы, аудандық
      мәслихат хатшысы                          Д. Молдашев