Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-2, 5-3 тармақшаларына сәйкес, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Ауданның кәсiпорындарында және ұйымдарында мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемінде жұмыс орындарының квотасы белгiленсiн.
2. «Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес мүгедектердi жұмыс орындарына орналастыруды қамтамасыз етсiн.
Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық әкімдігінің 01.08.2013 № 183 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Осы қаулының орындалуының бақылауын аудан әкімінің орынбасары А. Қазыбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімінің міндетін
уақытша атқарушы: Ш. Тлеумағанбетов