Өтек ауылдық округінің жер телімдерінің шекарасын өзгерту туралы

Бірлескен Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 20 шешімі және Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 6 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 15 мамырда № 3-7-146 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер Кодексінің 108 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 631 баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабының 3 тармақшасына сәйкес және Өтек ауылдық округінің басқару органының пiкiрiн ескере отырып, Қобда аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Өтек ауылдық округінің жер телімдерінің шекаралары оның шегіне қордағы жерден 3380 гектар жер учаскесін енгізу арқылы, қосымша жалғанған схемалық картаға сәйкес өзгертілсін.
      2. Осы әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешімі алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                           А. ЖҮСІБАЛИЕВ

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                   Л. ИСМАҒАМБЕТОВА

      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрайымы                       Г. БАЛГАРИНА

      РҚАО ескерту. Кестені қағаз мәтінен қараңыз.