Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Еңбек рыногындағы жағдайға қарай Байғанин ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тiзбесi белгіленсін:
1) 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар;
2) 50 жастан асқан жұмыссыз әйелдер;
3) 55 жастан асқан жұмыссыз ер адамдар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Аманғосқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: Б.Кемешов