Есет батыр Көкіұлы ауылының көшелеріне атау беру туралы

Ақтөбе облысы Алға ауданы Бесқоспа селолық округі әкімінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 11 шешімі. Ақтөбе облысы Алға аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 28 сәуірде № 3-3-142 тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4) тармақшасына және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Бесқоспа селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Есет батыр Көкіұлы ауылының көшелеріне келесі атаулары берілсін:
      1) Николай Кортюково;
      2) Евгений Дмитриенко;
      3) Есболай Мусин;
      4) Шоқан Уалиханов;
      5) Әлия Молдағұлова;
      6) Қамрадин Нургалиев;
      7) Сағи Сарин;
      8) Сүндет Мынтаев.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бесқоспа селолық
      округінің әкімі                            А. Бошанов