Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 968 "Ақтөбе қаласы белгіленген санаттағы тұлғалары үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2012 жылғы 23 шілдедегі № 2166 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 13 тамызда № 3-1-174 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 3137 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-5) тармақшасына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 968 «Ақтөбе қаласы белгіленген санаттағы тұлғалары үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 27 сәуірде № 3-1-132 болып тіркелген, 2010 жылғы 6 мамырдағы № 57-58 «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      1 тармақтың екінші азат жолы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      «қылмыстық - атқару инспекциясының пробация қызметі есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орнынан босап шыққан тұлғалар және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектері үшін 3 % көлемінде».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.А. Арынғазиеваға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                   Е.Омаров