Целиноград ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2012 жылғы 3 мамырдағы № 36/5-5 шешімі. Ақмола облысы Целиноград ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 29 мамырда № 1-17-176 тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген, «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет Cтандартының 11 тармағына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Целиноград ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) Жеңіс күні мемлекеттік мерекесіне орай:
      Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне - он бес мың теңге мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысы қатысушылары теңестірілген тұлғаларға - бес мың теңге мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға - бес мың теңге мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген басқа санаттағы тұлғаларға - үш мың теңге мөлшерінде;
      2) қарттар Күніне орай: ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге - екі мың теңге мөлшерінде;
      3) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтер үшін төлемге - ай сайын, 2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) жасы кәмелетке толмаған бұрынғы концлагердің тұтқындарына коммуналдық қызметтер үшін төлемге - ай сайын, 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      5) барлық санаттағы мүгедектерге – бір жолғы, жеті мың теңге мөлшерінде;
      6) туберкулезбен ауыратындарға – бір жолғы, он бес мың теңге мөлшерінде;
      7) аз қамтылған азаматтарға - бір жолғы, он мың теңге мөлшерінде;
      8) ауылдық (селолық) жерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасындағы колледж студенттерінің күндізгі бөлімінде оқу төлемақысын бір жылда бір рет, оқу төлемақысының мөлшерінде;
      9) өрттен және басқа да төтенше жағдайларда зардап шеккендерге - бір жолғы, жетпіс мың теңге мөлшерінде.
      2. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті алу үшін «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды тапсыру қажет:
      1) барлық санаттар үшін:
      осы әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғаның арызы;
      өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      шот нөмірі көрсетілген алушының банктік есеп-шотын растайтын құжаттың көшірмесі;
      тұрақты мекен-жайы бойынша тіркелуін растайтын құжат (мекен-жайының анықтамасы немесе селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы);
      2) қосымша:
      1 тармақтың 1 тармақшасында көрсетілген санаттағы тұлғаларға: жеңілдік санатына жататындығын растайтын құжаттың көшірмесі;
      барлық санаттағы мүгедектерге: мүгедектігі жөнінде анықтаманың көшірмесі, мүгедекті оңалту жеке бағдарламасы үзіндісінің көшірмесі;
      туберкулезбен ауыратындарға: медициналық мекеменің анықтамасы;
      аз қамтылған азаматтарға: отбасы мүшелерінің өткен тоқсандағы жан басына шыққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын кірісі туралы анықтамасы;
      ауылдық (селолық) жерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасындағы колледж студенттерінің күндізгі бөлімінде оқу төлемақысын: оқу орнын растайтын анықтамасы, оқу келісім шартының көшірмесі, «Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығы» Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Целиноград аудандық бөлімшесімен берілген көп балалы отбасы мәртебесін растайтын анықтамасы және «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінен берілген аз қамтылған отбасы мәртебесін растайтын анықтама;
      өрттен және басқа да төтенше жағдайларда зардап шеккендерге: «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Целиноград ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің актісі.
      Құжаттардың көшірмелері мен түпнұсқалары салыстыру үшін беріледі, өтініш берілген күні түпнұсқалары қайтарылып беріледі.
      3. Целиноград аудандық мәслихатының «Целиноград ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2011 жылғы 28 сәуірдегі № 253/38-4 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-17-152 тіркелген, 2011 жылғы 3 маусымда аудандық «Призыв», «Ұран» газеттерінде жарияланған), «Целиноград аудандық мәслихатының 2011 жылғы 28 сәуірдегі № 253/38-4 «Целиноград ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 300/46-4 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-17-159 тіркелген, 2012 жылғы 27 қаңтарда «Призыв», «Ұран» газеттерінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешімнің қолданысы 2012 жылдың 3 мамырынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға тарайды.
      5. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград аудандық мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       Б.Ибраев

      Целиноград аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Р.Түлкібаев

      Келісілді

      Целиноград ауданының әкімі                 А.Үйсімбаев