Целиноград ауданының ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № А-3/152 қаулысы. Ақмола облысы Целиноград ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 18 мамырда № 1-17-174 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18238 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Целиноград аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 наурыздағы № 14/2-5 «Целиноград ауданының ауылдық (селолық) жерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін келісу туралы» шешіміне сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Целиноград ауданының ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Б.А.Жанбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград ауданының әкімі                 М.Жунусов

Целиноград ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 24 сәуірдегі  
№ А-3/152 қаулысына қосымша

Целиноград ауданының ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының ТІЗБЕСІ

1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

      1) қазыналық кәсіпорынның басшысы;
      2) мемлекеттік мекеменің басшысы;
      3) қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
      4) мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары;
      5) үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі;
      6) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
      7) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
      8) консультант.

2. Білім мамандарының лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеменің басшысы;
      2) мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары;
      3) қазыналық кәсіпорынның басшысы;
      4) қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
      5) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
      6) тәрбиеші;
      7) әдістемеші;
      8) музыкалық жетекші;
      9) психолог;
      10) хореограф;
      11) жетекші;
      12) кітапхана меңгерушісі;
      13) кітапханашы;
      14) медициналық бике;
      15) емдәм бикесі;
      16) зертханашы.

3. Мәдениет және спорт мамандарының лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеменің басшысы;
      2) қазыналық кәсіпорынның басшысы;
      3) мәдени ұйымдастырушы;
      4) кітапханашы;
      5) әдістемеші;
      6) библиограф;
      7) дыбыс режиссері;
      8) хореограф;
      9) музыкалық жетекші;
      10) көркемдік жетекші;
      11) аккомпаниатор;
      12) кітапхана меңгерушісі;
      13) клуб меңгерушісі.