Ерейментау ауданында аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 5С-5/6-12 шешімі. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 22 мамырда № 1-9-196 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 27.03.2013 № 5С-13/6-13 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Ескерту. Барлық мәтін бойынша "отбасыларына (азаматтарына)" деген сөздердің алдында "аз қамтылған" деген сөздерімен толықтырылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 27.03.2013 № 5С-13/6-13 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес, Ерейментау ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ерейментау ауданында аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегiн көрсету қағидасы осы шешiмнiң қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 27.03.2013 № 5С-13/6-13 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Ерейментау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 4С-42/9-11 «Ерейментау ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің № 1-9-186 Тізілімінде тіркелген, аудандық «Ереймен» газетінде 2012 жылдың 04 ақпанында, аудандық «Ерейментау» газетінде 2012 жылдың 04 ақпанында жарияланған) шешімінің күші жойылған деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ерейментау ауданының мәслихатының бюджет, қаржы, әлеуметтік-экономикалық даму, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін.
      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау аудандық
      мәслихаты сессиясының
      төрағасы                                   А.Сырымбетов

      Ерейментау аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Қ.Махметов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Ерейментау ауданының әкімі                 Л.Ж.Дүйсенов

Ерейментау аудандық мәслихатының
2012 жылғы 24 сәуірдегі   
№ 5С-5/6-12 шешімімен    
бекітілді           

Ерейментау ауданында аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегiн көрсету қағидасы

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 27.03.2013 № 5С-13/6-13 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Осы Ерейментау ауданында аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегiн көрсету қағидасы (бұдан әрi – Қағида) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңына, «Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткені үшін абоненттiк төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбiр мәселелері туралы № 512 Қаулысына, «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес құрастырылған.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 27.03.2013 № 5С-13/6-13 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегi Қазақстан Республикасының азаматтарына, Ерейментау ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұтыну төлемінің шығынын жабу үшін берілетін өтем ұсынылады.
      жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстар төлемін;
      тұрғын үй меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
      байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігіне байланысты қызметтер;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі;
      жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құны.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2012.12.10 № 5С-9/3-12 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Тұрғын үй көмегi аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемдерi, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерi үшiн, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеу, жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын тұтыну нормалары шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға отбасының бір тоқсанда тұтыну төлемiнiң шектi шығын үлесi, алдыңғы тоқсанда тұрғын үй көмегiне өтiнiш берiлiп, жалпы табысының 15 % шамасында белгiленедi.
      Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2012.12.10 № 5С-9/3-12 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен; өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 27.03.2013 № 5С-13/6-13 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Өтем шараларымен қамсыздандырылатын тұрғын үй алаңының мөлшері ретінде бір адамға 18 шаршы метрден белгіленеді. Жалғыз тұратын азаматтарға өтем шараларымен қамсыздандырылатын тұрғын үй алаңының нормасы 30 шаршы метр болып белгіленеді, алайда бір бөлмелі пәтер алаңынан кем болмауы тиіс.
      Коммуналдық қызметті (сумен жабдықтау, газ, канализация, жылу энергиясы, электрмен жабдықтау, қоқыс) тұтыну нормативтері іс жүзінде тұтынылған шамаға қарай, алайда нормативтік құжаттарға сәйкестелетін (құрылыс нормалары мен ережелері) шекті шамалардан асырылмайтын деңгейде белгіленген. Электро қуатты тұтыну нормасы тұтынылған шамаға қарай белгіленеді, бірақ отбасы құрамында бір адамнан үш адамға дейін 150 (жүз елу) киловатт көп емес, төрт адамнан және одан да көп 200 (екі жүз) киловаттқа дейін. Тұрғын үйдің газбен жабдықталмағаны және тамақ дайындау үшін электр тұрмыстық плиталары қолданылатыны жөніндегі тиісті құжат болғанда, белгіленген нормативтерден асқан электр қуатына төленетін төлем, тұрғын үй көмегін алушылардың өтініші бойынша газбен жабдықтау үшін төленетін төлемнің есебіне есептеледі, бірақ газбен жабдықтаудың белгіленген тұтыну нормалары мен тарифтері шегінде жүргізіледі.
      Газды пайдалану нормасы – 1 адамға айына 8 килограмм.
      4. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша өкілетті орган «Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
      5. Телекоммуникация желілерінің абоненттеріне (бұдан әрі – абонент) телефонның абоненттік төлем тарифтерінің өтемін, телефонның абоненттік төлемінің ұлғайған айырмасын тұрғын үй күтімі мен коммуналды кызметті тұтынуға арналған шығын сомасына енгізу арқылы беріледі.
      Тұрғын үй жәрдемінің мөлшері, абоненттік тариф төлемінің өсімінің айырмасы абоненттік телефон төлемінен аспауы керек.

2. Тұрғын үй жәрдемінің тағайындалуы

      6. Тұрғын үй көмегі уәкілетті органмен өтініш берілген айдан бастап ағымдағы тоқсан аяғына дейін тағайындалады. Тұрғын үй көмегінің көлемі отбасының өткен тоқсандағы орташа айлық табыстарымен анықталады. Тұрғын үй жәрдемі тұрғын үйдің меншік иесінің (жалға алушының) өтініші негізінде тағайындалады.
      1) өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі,
      2) тұрақты мекен-жайы бойынша тіркелуін растайтын құжат (мекен-жайының анықтамасы немесе селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы);
      3) алушының толық отбасы құрамын растайтын құжат көшірмесі;
      4) пәтерге арналған құқығын дәлелдейтін құжаттар (ордер, жекешелендіру, айырбас, сауда-саттық, сыйға беру және жалға алу т.б. шарттары);
      5) отбасының табысын куәландырылатын құжаттар;
      6) Әділет басқармасынан № 1 нысанында алынатын жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамасы;
      7) алдыңғы тоқсанда тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтінішін беру арқылы тоқсандық коммуналдық жәрдем есеп шоттар;
      8) телекоммуникация қызметінің түбіртегі немесе байланыс қызметін көрсету келісімінің көшірмесі;
      9) баланың туу туралы анықтама;
      10) жергілікті атқарушы органмен ұсынылған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысының мөлшері туралы есеп шот;
      11) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету жөнiндегi шаралар қолданылатын түбiртек-шот.
      Кондоминиум ортақ мүлкiнiң күрделi жөндеуiне шығынды өтемге құқылы аз қамтылған отбасылар (азаматтар) осы Қағиданың 6 тармағында қарастырылған құжаттардан басқа, ұсынады:
      1) Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге мақсатты жарналардың мөлшері туралы есеп шоттарды;
      2) Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекешелендірілген түрлерін өткізу үшін шығындар сметасының негізінде, жергілікті атқарушы органымен келісілген меншік иелердің және пәтер жалдаушылардың (қосымша жалдаушылардың) ортақ жиналысында бекітілген және мөрмен, кондоминиум объектісінің басқару органы басшысының қолымен расталған кондоминиум объектісінің басқару органымен ұсынылған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған әр айлық жарналар мөлшері туралы есеп шотты.
      Ескерту. 6 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2012.12.10 № 5С-9/3-12 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен; өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 27.03.2013 № 5С-13/6-13 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      7. Уәкілетті орган өтініш берушіден құжат қабылданған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қарастырып тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімі шығарады.
      8. Тұрғын үй көмегi меншiгiнде бiр бiрлiктен көп тұрғын үйi (пәтер, үй) немесе тұрғын үйiн жалға беретiн, сондай-ақ еңбекке жарамды, бiрақ жұмыс iстемейтiн, күндiзгi бөлiмде оқымайтын, әскер қатарында емес және «Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнде жұмыссыз ретiнде тiркелмеген мүшелерi бар аз қамтылған отбасылардан (күтiм көрсетуге мұқтаж адамдардың күтiмiн жүзеге асыратын азаматтардан басқалары) басқа аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) әр тоқсан сайын тағайындалады.
      Ескерту. 8 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 27.03.2013 № 5С-13/6-13 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      9. Уәкілетті орган телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға арналған шығыстары, шекті жол берілген шығыстар үлесінен аспаған жағдайда тұрғын үй көмегін көрсетуден бас тартады.
      Ескерту. 9 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 27.03.2013 № 5С-13/6-13 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      10. Ұсынылған ақпараттың сенімділігіне күдік туындаған жағдайда уәкілетті орган тексеріс жүргізуге өкілетті органдарға жібереді. Уәкілетті орган заңсыз немесе жоғары тұрғын үй көмегін тағайындалуына әкелген әдейі жалған мәліметтер берілсе, заңсыз тағайындалған соманы меншік иесі (жалға алушы) өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда сот арқылы қайтарылады.
      11. Тұрғын үй көмегін алушылар он күннің ішінде уәкілетті органды отбасы құрамының және отбасының біріккен табысының өзгерістері туралы мәлімдейді. Ақпараттың дұрыстығына күмән туындаған жағдайда уәкілетті орган тұрғын үй жәрдемінен үмітті тұлғаның табысы туралы ақпарат сұратуға құқылы.
      12. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлемдер түрінде іске асырылады. Тұрғын үй көмегінің төлемдері ай сайын бюджеттік қаражатты бөлу бойынша уәкілетті органның қаржыландыру шамасына сай жүргізіледі. Тұрғын үй көмегі төлемдері екінші деңгейдегі Банктер арқылы уәкілетті органмен жүргізіледі. Төлемдер алушының жазбаша өтініші бойынша қызмет көрсетуші мекеменің шотына аударылады.

3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер аз қамтылған азаматтың
(отбасының) жиынтық кірісін есептеу

      13. «Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін алуға үміткер аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» Бұйрығы негізінде есептейді.