РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Бұланды ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесі бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Бұланды аудандық мәслихатының шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кезекті 4-сессияның
төрағасы В.Судибор
Аудандық мәслихаттың
хатшысы. Ш.Құсайынов
«КЕЛІСІЛДІ»
Бұланды ауданы әкімінің
міндетін атқарушы О.Смағұлов
Бұланды аудандық
мәслихатының 2012 жылғы
27 сәуірдегі № 5С-4/4
шешіміне қосымша
Бұланды аудандық мәслихатының күші
жойылды деп танылған шешімдерінің
тізбесі
1. Бұланды аудандық мәслихатының «Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), тұрғын үй-коммуналдық қызмет пен байланыс қызметі үшін ақы төлеуге тұрмыстық жәрдемақы беру ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 4С-6/7, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-7-58 тіркелген, 2008 жылғы 1 ақпанда «Бұланды таңы», «Вести Бұланды жаршысы» аудандық газеттерінде жарияланған) шешімі.
2. Бұланды аудандық мәслихатының «Бұланды аудандық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 4С-6/7 шешімімен бекітілген, Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), тұрғын үй-коммуналдық қызмет пен байланыс қызметі үшін ақы төлеуге тұрмыстық жәрдемақы беру ережесіне өзгерістер енгізу туралы» 2008 жылғы 14 наурыздағы № 4С-7/12, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-7-63 тіркелген, 2008 жылғы 18 сәуірде «Бұланды таңы», «Вести Бұланды жаршысы» аудандық газеттерінде жарияланған) шешімі.
3. Бұланды аудандық мәслихатының «Бұланды аудандық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 4С-6/7 шешімімен бекітілген, Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), тұрғын үй-коммуналдық қызмет пен байланыс қызметі үшін ақы төлеуге тұрмыстық көмек беру ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 4С-15/3, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-7-75 тіркелген, 2009 жылғы 13 наруызда «Бұланды таңы», «Вести Бұланды жаршысы» аудандық газеттерінде жарияланған) шешімі.
4. Бұланды аудандық мәслихатының «Бұланды аудандық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 4С-6/7 шешімімен бекітілген, Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), тұрғын үй-коммуналдық қызмет пен байланыс қызметі үшін ақы төлеуге тұрмыстық жәрдемақы төлеу ережесіне өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 12 желтоқсандағы № 4С-23/5, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №1-7-103 тіркелген, 2010 жылғы 12 ақпанда «Бұланды таңы», «Вести Бұланды жаршысы» аудандық газеттерінде жарияланған) шешімі.
5. Бұланды аудандық мәслихатының «Бұланды аудандық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 4С-6/7 «Тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), тұрғын үй-коммуналдық қызмет пен телекоммуникация қызметі үшін тұрғын үй көмегін беру ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 4С-27/4, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-7-114 тіркелген, 2010 жылғы 4 маусымда «Бұланды таңы», «Вести Бұланды жаршысы» аудандық газеттерінде жарияланған) шешімі.
Бұланды аудандық
мәслихатының 2012 жылғы
27 сәуірдегі № 5С-4/4
шешімімен бекітілген
Бұланды ауданында тұратын
аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсету
ЕРЕЖЕСІ
Осы Бұланды ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес әзірленді және Бұланды ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындаудың мөлшерін және тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ережелер
1. Тұрғын үй көмегi аудандық бюджет қаражаты есебiнен Бұланды ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) ұсынылады:
жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстар төлемін;
тұрғын жайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну төлемін;
жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге берiледi.
2. Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға,
коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге шығуы мүмкін шығын үлесінің шегі-егер отбасының жиынтық табысының 11 % мөлшерінде белгіленді.
3. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі. Жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр. Жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы отыз шаршы метр мөлшерінде қабылданады.
4. Жергілікті жылумен қатты отынды тұтынуға өтемақы нормасы өтініш беру тоқсанында жалғыз тұратын зейнеткерлер мен бірінші және екінші топ мүгедектеріне жылу беру маусымына бес тонна деп белгіленсін. Статистикалық мәліметке сәйкес өткен тоқсанда құрылған көмірдің орташа бағасы қабылдансын.
5. Газ балонмен жабдықтау кезінде өтемақы нормасы отбасының әр мүшесіне айына 0,5 газ баллоннан.
6. Электр энергиясының шығын нормасы бір адамға айына елу киловаттан белгіленсін.
7. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша өкілетті орган болып «Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) анықталды.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу
8. Тұрғын үй жәрдемақысы өтініш берілген күнге байланысты емес ағымдағы тоқсанға толық тағайындалады, ал отбасының өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.
9. Отбасының табыстары, тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтердің төлемдерінің тарифтері өзгерген кезде уәкілетті орган бұрын есептелген тұрғын үй көмегіне қайта есептеулер жүргізеді.
10. Тұрғын үй көмегі тұрғын үй иесі немесе жалға алушының (қосымша жалдаушының) келесі құжаттар қоса берілген өтініші негізінде тағайындалады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
2) тұрғын үйге құқықтылығын белгілейтін құжаттың көшірмесі;
3) тұрақты тұратын жерде тіркелгенін растайтын құжат (мекенжайы туралы анықтама немесе селолық және/немесе ауылдық округ әкімдерінің анықтамалары);
4) отбасының табыстарын растайтын құжаттар;
5) отбасы мүшелерінің қызмет түрі туралы мәліметтер (мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі, оқу орнынан анықтама, еңбек шарты);
6) өткен тоқсандағы коммуналдық қызметтерді тұтыну (сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, канализация, жылумен жабдықтау, қоқыс шығару, электр қуатымен жабдықтау) шығындар туралы мәліметтер;
7) тұрғын үйді күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар.
11. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығындарға өтемақы алуға құқығы бар отбасылар (азаматтар) 10 тармақта көзделген құжаттармен қоса қосымша келесілерді ұсынады:
1) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшерi туралы шот;
2) жергiлiктi атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келiсiлген, пәтерлердiң меншiк иелерi мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекiтiлген кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерiн жүргiзуге арналған шығыстар сметасы негiзiнде кондоминиум объектiсiн басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектiсiн басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шот.
12. Телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтері төлемдері шығындарына жәрдемақы алу құқығы бар отбасылар (азаматтар) 10-тармақта көзделген құжаттардан басқа мыналарды ұсынады:
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсету шартының көшірмесі.
13. Жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемдері шығындарына жәрдемақы алу құқығы бар отбасылар (азаматтар) 10-тармақта көзделген құжаттардан басқа мыналарды ұсынады:
жергілікті атқарушы орган ұсынған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемінің мөлшері туралы шоттар.
14. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі қоса ұсынылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге сол күні қайтарылады.
15. Тұрғын үй көмегi меншiгiнде бiр бiрлiктен көп тұрғын үйi (пәтер, үй) немесе тұрғын үйiн жалға беретiн, сондай-ақ еңбекке жарамды, бiрақ жұмыс iстемейтiн, күндiзгi бөлiмде оқымайтын, әскер қатарында емес және уәкілетті органда жұмыссыз ретiнде тiркелмеген мүшелерi бар отбасылардан (күтiм көрсетуге мұқтаж адамдардың күтiмiн жүзеге асыратын азаматтардан басқалары) басқа аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) әр тоқсан сайын тағайындалады.
16. «Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, егер телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминимум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу ақысы және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналар, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтыну отбасының осы мақсаттарға жергілікті өкілді орган (мәслихат) белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі 11 % аспайтын болса, мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тартады.
Меншік иелері немесе жалға алушылар (қосымша жалдаушылар) жалған мәліметтер берген жағдайда тұрғын үй көмегін төлеу уақытша тоқтатылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуді тоқтата тұрудың негіздемесі жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімімен айқындалады.
17. Уәкілетті орган шешім қабылданған соң арызданушыға жазбаша хабарлайды.
Тұрғын үй көмегін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама қолхаттың негізінде онда көрсетілген мерзімде уәкілетті орган немесе халыққа қызмет көрсету орталығындағы "терезе" арқылы күн сайын беріледі.
18. Ұсынылған ақпараттың сенімділігіне күдік туындаған жағдайда өкілетті орган тексеріс жүргізуге уәкілетті органдарға жібереді. Уәкілетті органға заңсыз немесе жоғары тұрғын үй көмегін тағайындалуына әкелген әдейі жалған мәліметтер берілсе, заңсыз тағайындалған соманы меншік иесі (жалға алушы) өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда сот арқылы қайтарылады.
19. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі төлемдерін уәкілетті органмен алушыларға ақшалай қаражатты жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.
3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының
(азаматтың) жиынтық табысын есептеу
20. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» Бұйрығы негізінде есептейді.