РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Астрахан ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2012 жылғы 15 қарашадағы № 4С-39-4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-6-159 тіркелген, 2011 жылғы 22 желтоқсандағы аудандық «Маяк» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармағының 1) тармақшасында:
7 азатжол жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«Қарттар Күніне орай: зейнеткерлерге, ең төмен мөлшерде зейнетақы алатын, сондай-ақ ең төменгі зейнетақыдан да төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге екі мың теңге мөлшерінде;»;
9 азатжол жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға үш мың теңге мөлшерінде;».
2. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астрахан аудандық мәслихатының
сессия төрайымы В.Быстрицкая
Астрахан аудандық мәслихатының
хатшысы В.Собеский
«КЕЛІСІЛДІ»
Астрахан ауданының әкімі Т.Ерсейітов