РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18, 238 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 8 қазандағы № С 9-2 «Ауылдық (селолық) елді мекендердегі жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласы мамандарының лауазымдар тізбесімен келісу туралы» шешімі негізінде, Ақкөл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандарының лауазымдық тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. Ақкөл ауданы әкімдігінің «Ауылдық (селолық) елді мекендерде жұмыс істейтін мамандарының лауазымдық тізбелері туралы» 2009 жылғы 10 наурыздағы № А-3/73 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-3-105 тіркелген, 2009 жылғы 17 сәуірдегі «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины KZ» аудандық газеттерінде жарияланған) қаулының күшi жойылғандығы танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.К.Кривицкийге жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Р.Әкімов
Ақкөл ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 21 желтоқсан
№ А-12/468 қаулысына
қосымша
Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандарының лауазымдық тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1) әлеуметтік жұмыс жөніндегі қызметкер;
2) күтім көрсететін әлеуметтік қызметкер.
2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары;
2) педагогикалық қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалар: барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәрбиеші, балалардың мектепке дейінгі мекемесінің әдіскері, оқытушы-психолог, бастапқы әскери дайындықтың оқытушы-ұйымдастырушысы;
3) кітапханашы, жетекші, медбике.
3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) үйірме жетекшісі;
3) музыка жетекшісі;
4) аккомпаниатор;
5) кітапханашы.