Көкшетау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № С-30/11 "Көкшетау қаласының жекелеген санаттардағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 20 маусымдағы № С-6/7 шешімі. Ақмола облысы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 16 шілдеде № 1-1-179 тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Көкшетау қалалық мәслихатының «Көкшетау қаласының жекелеген
санаттардағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № С-30/11 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-1-113 тіркелген, 2009 жылғы 24 желтоқсандағы «Көкшетау» газетінде және 2009 жылғы 24 желтоқсандағы «Степной маяк» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      1 тармақтың 9 тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «9) мереке күндері қарсаңында әлеуметтік көмек жиынтық тізілімінің негізінде осы тармақшада көрсетілген адамдарға қаржыны өтінішсіз-ақ, олардың есеп шотына аудару жолымен жүзеге асырылады:
      9 Мамыр Жеңіс күніне орай:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне - 15000 теңге;
      фашистік лагерьлерде болған кәмелетке толмаған тұтқындарға – 3000 теңге;
      блокадалық Ленинград тұрғындарына - 3000 теңге;
      Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің жесірлеріне - 3000 теңге;
      марапатталған тыл еңбеккерлеріне - 7000 теңге;
      соғыс жылдары алты және одан да көп ай жұмыс істеген тыл еңбеккерлеріне - 5000 теңге;
      балаларды қорғау Күніне 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 3000 теңге;
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері 85, 90 және одан да жоғары жасқа толған мерейтой иелеріне біржолғы - 5 000 теңге;
      90 жасқа толған зейнеткерлерге - 50 000 теңге;
      100 жасқа толған зейнеткерлерге - 100 000 теңге;
      Чернобыль атом электро-станциясындағы апатты жоюға қатысушылар мен мүгедектерді еске алу күніне орай - 5 000 теңге;
      Интернационалист жауынгерлерге Ауғанстаннан әскерді шығарған күнге орай - 5 000 теңге;
      8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Батыр ана» атағы бар «Алтын Алқа», «Күміс Алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға – 5 000 теңге;
      Зейнетақы мөлшері ең төмен зейнеткерлерге 1 қазан қарт адамдар күніне орай – 2 000 теңге.».
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бесінші шақырылған
      Көкшетау қалалық мәслихатының
      6 сессияның төрағасы                       Б.Ғайса

      Бесінші шақырылған
      Көкшетау қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Б.Бегалин

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Көкшетау қаласының әкімі                   М.Батырханов