«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11бабының 3 тармағына сәйкес және Сандықтау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 27 қазандағы № А-10/240 қаулысы мен Сандықтау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 29/2 шешімі негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сандықтау ауданының Барақпай селолық округі, оның құрамына Хлебное селосы енгізіліп, қайта құрылсын және Хлебное селосы әкімшілік-аумақтық бірлігі таратылсын.
2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының
әкімі Қ.Қожамжаров
Ақмола облыстық
мәслихаты
сессиясының төрағасы А.Куликов
Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы Н.Дьячек