Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы № 143/18-III "Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 26 маусымдағы № 47/5-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2012 жылғы 31 шілдеде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 738 болып енгізілді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы № 143/18-III «Астана қаласы бюджетiнiң қаражаттары есебiнен әлеуметтiк көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тiзбесi туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 1 шілдеде № 395 болып тіркелген, 2005 жылғы 5 шілдедегі № 90 «Астана хабары», 2005 жылғы 9 шілдедегі № 103-104 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесінде 18-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      «18. «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар».
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       М. Шекенов

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       С. Есілов