"Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 3-1-65қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 158-336 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2012 жылғы 23 сәуірде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 722 болып енгізілді

Қолданыстағы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабының 12-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 972 қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 3-1-65қ қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 26 қаңтарда № 308 болып тіркелген, 2004 жылғы 12 ақпандағы № 21 «Астана хабары»; 2004 жылғы 27 наурыздағы № 34 «Вечерняя Астана» газеттерiнде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулының 1-тармағы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2012 жылғы 1 қантардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Әкiм                                       И. Тасмағамбетов