Берілетін микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 378 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 28 қаңтарда № 8307 тіркелді

Жаңартылған

      Қолданушылардың назарына!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Берілетін микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және микрокредиттік ұйымдарға 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко 

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 378 қаулысымен    
бекітілген        

Берілетін микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді
мөлшерлемесін есептеу қағидалары

      Осы Берілетін микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және микроқаржы және микрокредиттік ұйымдардың (бұдан әрі – микроқаржы ұйымдары) берілетін микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу тәртібін белгілейді. 

1. Жалпы ережелер

      1. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғым пайдаланылады:
      сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі – микрокредит бойынша дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептелетін, Қағидаларға сәйкес есептеп шығарылатын сыйақы мөлшерлемесі.
      2. Микроқаржы ұйымдары микрокредит беру туралы шартта сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін көрсетеді.
      Микрокредит беру туралы шартта сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі компьютерлік техника қондырғысының көмегімен бір қосымшада цифрмен және жазумен көрсетіле отырып, сондай-ақ сыйақының басқа мөлшерлемелерімен қаріптері бірдей көлемдегі және ресімдеу стиліндегі (курсив, қарайтылған, түспен бояп көрсету, мөлшері) нысанда басып көрсетіледі.
      3. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің есебі:
      1) микрокредит беру туралы шарт жасалған күнге;
      2) қарыз алушының ауызша немесе жазбаша талабы бойынша;
      3) микрокредит беру туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда қарыз алушының ақшалай міндеттемелері сомасының (мөлшерінің) және (немесе) оны төлеу мерзімінің өзгеруіне әкеп соғатын, шартқа қосымша келісім жасау жолымен жүргізіледі.
      4. Микрокредит беру туралы шарт талаптары қарыз алушының ақшалай міндеттемелері сомасының (мөлшерінің) және (немесе) оны төлеу мерзімінің өзгеруіне әкеп соғатындай өзгерген кезде сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің нақтыланған мәні микрокредит беру туралы шарт қолданыла бастаған мерзімнен бастап қарыз алушы микрокредит бойынша төлеген төлемдерді есептемегенде, талаптарды өзгерту басталған күнгі микрокредитті өтеудің қалған мерзіміне қарай есептеледі.
      Микрокредит беру туралы шарт талаптарының өзгеруіне байланысты төленуі тиіс комиссиялар болған кезде бұл комиссиялар сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің есебіне кіреді.

2. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу

      5. Берілетін микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі мынадай формула бойынша есептеледі:

                    (СЖС + ТЖС)/(БҚ/М)
          CЖТМ = ------------------------- x 12 x 100,
                            М

      мұндағы:
      СЖТМ – микрокредит бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі;
      СЖС – микрокредитті пайдаланудың бүкіл мерзіміндегі сыйақының жалпы сомасы;
      ТЖС – микроқаржы ұйымының микрокредитті пайдаланудың бүкіл мерзімінде микрокредиттің берілгені, қызмет көрсетілгені және өтелгені (қайтарылғаны) үшін комиссиялары мен өзге төлемдерінің жалпы сомасы;
      БҚ – микрокредитті пайдаланудың бүкіл мерзімінде микрокредит бойынша берешектің ай сайынғы қалдықтарының жалпы сомасы;
      М – микрокредитті өтеудің аймен көрсетілген мерзімі.
      6. Егер сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу кезінде алынған санның мәні бір ондық белгіден көп болса, ол былайша ондық бөлшекке дейін дөңгелектенуі тиіс:
      1) егер жүздік бөлшек 5-тен көп немесе тең болса, ондық бөлшек 1-ге ұлғайтылады, одан кейінгі барлық белгілер алып тасталады;
      2) егер жүздік бөлшек 5-тен аз болса, ондық бөлшек өзгеріссіз қалады, одан кейінгі барлық белгілер алып тасталады.
      7. Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне қарыз алушының сыйақы бойынша төлемдері, сондай-ақ микрокредитті беруге және қызмет көрсетуге байланысты, Қағидалардың 7-1 және 7-2 тармақтарында көрсетілген комиссиялар мен өзге де төлемдер кіргізіледі.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 135 (01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7-1. Заңды тұлғаға берілетін микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне микрокредит беру туралы шарт бойынша микрокредитті беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты қарыз алушының мынадай комиссиялары мен өзге де төлемдері:
      1) микрокредитті алуға өтініш пен құжаттарды қарау үшін;
      2) микрокредитті ұйымдастыру үшін;
      3) микрокредит беру үшін;
      4) Қағидалардың 8-тармағының 3) тармақшасында көзделген төлемдерді қоспағанда, егер сақтандыру жағдайы басталған жағдайда сақтандыру шарты бойынша микроқаржы ұйымы пайда алушы болса, қарыз алушының сақтандыру ұйымының пайдасына төлемдері;
      5) қарыз алушының кепілдік (кепілдеме) алу үшін кепілгерге (кепіл берушіге), кепілге берілетін мүлікті бағалау үшін бағалаушыға төлемдері;
      6) микроқаржы ұйымына қарыз алушыларды тарту, қарыз алушылар берген құжаттардың микрокредит беру талаптарына сәйкес келуіне тексеруді жүзеге асыру, қарыз алушылардың құжаттарын микроқаржы ұйымына беру, микроқаржы ұйымының қарыз алушыларынан микрокредиттерді өтеу есебіне төлемдер мен аударымдарды қабылдау бойынша қызмет көрсететін ұйымдардың (делдалдардың) пайдасына қарыз алушының төлемдері кіргізіледі.
      Егер микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде осы тармақтың бірінші бөлігінің 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген төлемдердің микрокредиттеудің бүкіл мерзімі үшін мөлшерлерін айқындау мүмкіндігі болмаса, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне осы тұлғалардың олармен шарттар жасау күнінде айқындалған тарифтеріне қарай микрокредиттеудің бүкіл мерзімі үшін төлемдер кіргізіледі.
      Микрокредит беру туралы шартта көзделген және микрокредит беру туралы шарттың жасалу күнінде өндіріп алу фактісі белгісіз комиссиялар мен өзге де төлемдер нақты төлем жасалғаннан кейін қарыз алушының талабы бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қайта есептелген жағдайда ескеріледі.
      Ескерту. 2-тарау 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 135 (01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7-2. Жеке тұлғаға берілетін микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне микрокредит беру туралы шарт жасау күнінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13870 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 134 қаулысымен бекітілген Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін, жеке тұлғаға берілген банктік қарыз және микрокредит беруге және оларға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 2-тармағының 1)2)3)7)8) және  9) тармақшаларында көрсетілген комиссиялар мен өзге де төлемдер кіргізіледі.
      Егер жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде Тізбенің 2-тармағының 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген төлемдердің микрокредиттеудің бүкіл мерзімі үшін мөлшерлерін айқындау мүмкіндігі болмаса, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне осы тұлғалардың олармен шарттар жасау күнінде айқындалған тарифтеріне қарай микрокредиттеудің бүкіл мерзімі үшін төлемдер кіргізіледі.
      Микрокредит беру туралы шартта көзделген және Тізбенің 2-тармағының 5)6)7)8)9) және 10) тармақшаларында көрсетілген комиссиялар мен өзге де төлемдер қарыз алушының талабы бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін қайта есептеген жағдайда нақты төлемнен кейін немесе микрокредитке қызмет көрсету кезеңінде оларды енгізген кезде ескеріледі.
      Ескерту. 2-тарау 7-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 135 (01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      8. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде:
      1) Қағидалардың 7-1-тармағында және Тізбенің 2-тармағының 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген төлемдерді қоспағанда, үшінші тұлғалардың пайдасына қарыз алушының төлемдері;
      2) тұрақсыздық айыбын және айыппұл санкцияларының өзге түрлерін қоса алғанда, қарыз алушының микрокредитті беру шартының талаптарын сақтамауына байланысты төлемдері;
      3) қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша және кепіл берушінің пайдалануындағы міндеттемелерін қамтамасыз ететін кепіл шарты бойынша кепіл мәнін сақтандыру кезінде сақтандыру ұйымдарының пайдасына қарыз алушының төлемдері кіргізілмейді.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 135 (01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      9. Микрокредит беру туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар, оның ішінде қарыз алушының өтініші бойынша енгізілген жағдайда, Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін қарыз алушымен жасалған микрокредит беру туралы қолданыстағы және сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің мәні көрсетілмеген шарт бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің мәні микрокредит беру туралы шартқа қосымша келісімде Қағидалардың 4-тармағында көзделген жағдайларда, микрокредит беру туралы шарт талаптары өзгертіле бастаған күнге, қалған жағдайларда – микрокредит беру туралы шарт жасалған күнге көрсетіледі.
      10. Қарыз алушының микроқаржы ұйымына төлеген төлемдері және микроқаржы ұйымының қарыз алушыға төлемдері cыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу мақсатында олар нақты төленген күнге, болашақтағылары – төлемдер графигі бойынша есепке алынады.