Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 374 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 17 қаңтарда № 8271 тіркелді

Жаңартылған

      Қолданушылардың назарына!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Тізбенің 2-тармағының он үшінші абзацы, 3-тармағының тоғызыншы және отызыншы абзацтары, 4-тармағының төртінші абзацы, 5-тармағының үшінші және алпыс төртінші абзацтары, 6-тармағының үшінші абзацы, 7-тармағының төртінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
      Тізбенің 6-тармағындағы Қағидалардың 2-қосымшасы 2-тармағының он үшінші абзацы, 3-тармағының тоғызыншы және отызыншы абзацтары, 4-тармағының жиырма алтыншы абзацы, 5-тармағының жиырма бесінші абзацы, реттік нөмірі 5-1-жолының төртінші абзацы, 3-қосымшасы кестесінің 1-тармағының реттік нөмірі 5-1-жолының төртінші абзацы, 4-қосымшасының реттік нөмірі 5-1-жолының төртінші абзацы, 7-тармағының жиырма екінші және жетпіс тоғызыншы абзацтары 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының 
2012 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 374 қаулысына      
қосымша           

Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5331 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының актілері жинағында 2008 жылғы 15 қарашада № 11 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы нұсқаулықта:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы нұсқаулық «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 434674-баптарына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 59-баптарына сәйкес әзірленген және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәнін және әдістемесін, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативін, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы туралы есепті беру нысандары мен мерзімдерін белгілейді.
      Осы Нұсқаулықта көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғалары бөлігіндегі нормалар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының көрсетілген ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам пайызын тікелей иелену (банктер бойынша – жанама) нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен үлестес болып табылатын заңды тұлғаларға және олардың үлестес тұлғаларына қатысты қолданылмайды.»;
      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «36. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мынадай активтерi жоғары өтiмдi активтер ретінде танылады:
      1) қайта сақтандыру активтерін шегергенде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері сомасының бір пайызынан аспайтын сомада болатын кассадағы ақшасы;
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi салымдары;
      3) мынадай талаптардың бiрiне сәйкес келетiн:
      Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзiмдi кредиттiк рейтингi немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's ұлттық шәкiлi бойынша «kzBB»-дан төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;
      резидент емес бас банктерiнде Standard & Poor's агенттiгiнiң «А-»-тен төмен емес шетел валютасында ұзақ мерзiмдi кредиттiк рейтингi немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент емес еншілес банктер болып табылатын;
      Standard & Poor' агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В+»-тен «В»-ке дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша «kzBB-»-тен «kzB+»-ке дейінгі рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдары;
      4) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған (оның iшiнде басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес айналысқа шығарылған) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
      5) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары шығарған, қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тiзiмiне енгiзiлген борыштық бағалы қағаздары;
      6) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздары;
      7) қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тiзiмiне кiретiн Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес бағалы қағаздары:
      Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВ-»-тен төмен емес халықаралық рейтингілiк бағасы немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's ұлттық шәкiлi бойынша «kzBB»-дан төмен емес рейтингілiк бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар эмитенттердiң акциялары және осы акциялар базалық активi болып табылатын депозитарлық қолхаттары;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қор биржасында айналымына жiберiлетiн (жiберiлген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тiзiмiнiң бөлек санаттары туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5251 тiркелген) (бұдан әрi – № 77 қаулы) көзделген «акциялар» секторының бiрiншi (ең жоғары) немесе екiншi (ең жоғары) санатының талаптарына сәйкес келетiн акциялар және осы акциялар базалық активi болып табылатын депозитарлық қолхаттары;
      Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's агенттiгiнiң «В-»-тен төмен емес халықаралық рейтингілiк бағасы немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's ұлттық шәкiлi бойынша «kzB»-дан төмен емес рейтингілiк бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар борыштық бағалы қағаздары;
      Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң заңнамаларына сәйкес шығарылған, қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тiзiмiне енгiзiлген, № 77 қаулыда көзделген «рейтингілiк бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының талаптарына сәйкес келетін борыштық бағалы қағаздары;
      8) осы тармақтың 7) тармақшасының төртiншi және бесiншi абзацтарында көрсетiлген бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент-ұйымдары Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң заңнамаларына сәйкес шығарған, қор биржасының ресми тiзiмiне енгiзiлген, мынадай талаптарға сәйкес келетiн мемлекеттiк емес борыштық бағалы қағаздары:
      қор биржасымен танылған рейтингілiк агенттiктердiң бағасының болуы;
      борыштық бағалы қағаздардың эмитентiн мемлекеттiк тiркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тiзiмiне енгізу туралы өтiнiш берілген күнге дейін кем дегенде екі жыл бұрын жүзеге асырылған;
      борыштық бағалы қағаздардың эмитентi қаржылық есептiлiктi қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына (International Financial Reporting Standards – IFRS) (бұдан әрi – ҚЕХС) немесе Америка Құрама Штаттарында (General Accepted Accounting Principles – GAAP) (бұдан әрi – АҚШ ҚЕС) қолданылатын қаржылық есептiлiктiң стандарттарына сәйкес жасайды;
      қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тiзбесiне кiретiн аудиторлық ұйымдардың бiрi борыштық бағалы қағаздар эмитентiнiң қаржылық есептiлiгiнiң аудитiн жүргiзедi;
      борыштық бағалы қағаздар эмитентiнiң аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептiлiгi кем дегенде аяқталған екi қаржы жылы үшiн ұсынылған;
      борыштық бағалы қағаздар эмитентiнiң меншiктi капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептi күнге қаржылық есептiлiкке сәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, тиiстi қаржы жылына айлық есептiк көрсеткiштiң екi миллион елу мың еселенген мөлшерiнен кем емес баламалы соманы құрайды;
      борыштық бағалы қағаздар эмитентiнiң соңғы екi жылдың бiреуіндегі таза пайдасы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептi күнге жасалған қаржылық есептiлiкке сәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгiленген, тиiстi қаржы жылына айлық есептiк көрсеткiштiң сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерiнен кем емес баламалы соманы құрайды;
      лизингтік ұйымды және кредиттiк серiктестiктi қоспағанда, қаржылық емес ұйымы - эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын сату көлемi негiзгi қызметi бойынша аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептiлiктiң деректерi бойынша соңғы екi жылдың әрбiр жылы үшiн республикалық бюджет туралы заңда белгiленген, тиiстi қаржы жылына айлық есептiк көрсеткiштiң екi миллион елу мың еселенген мөлшерiнен кем емес баламалы соманы құрайды;
      борыштық бағалы қағаздар эмитентi акционерлерінiң жалпы жиналысында бекітілген корпоративтік басқару кодексiнiң болуы;
      борыштық бағалы қағаздардың қор биржасының ресми тiзiмiнде болған кезiнде осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкердiң болуы;
      борыштық бағалы қағаздар эмитентiнiң құрылтай құжаттарында және (немесе) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектiсiнде бағалы қағаздардың меншік иесiнiң оларды иелiктен шығару (беру) құқығына нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн нормалардың болмауы;
      9) осы тармақтың 7) тармақшасының төртiншi және бесiншi абзацтарында, сондай-ақ 8) тармақшасында көрсетiлген бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының ұйымдары Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң заңнамаларына сәйкес шығарған, қор биржасының ресми тiзiмiне енгiзiлген, мынадай талаптарға сәйкес келетiн мемлекеттiк емес борыштық бағалы қағаздары:
      қор биржасымен танылған рейтингілiк агенттiктердiң бағасының болуы;
      борыштық бағалы қағаздардың эмитентiн мемлекеттiк тiркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тiзiмiне енгізу туралы өтiнiш берілген күнге дейін кем дегенде бір жыл бұрын жүзеге асырылған;
      борыштық бағалы қағаздардың эмитентi қаржылық есептiлiктi ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес жасайды;
      қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тiзбесiне кiретiн аудиторлық ұйымдардың бiрi борыштық бағалы қағаздар эмитентiнiң қаржылық есептiлiгiнiң аудитін жүргiзедi;
      борыштық бағалы қағаздардың эмитентi аудиторлық есеппен расталған соңғы аяқталған қаржы жылы үшiн қаржылық есептiлiктi ұсынған;
      борыштық бағалы қағаздар эмитентiнiң меншiктi капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептi күнге қаржылық есептiлiкке сәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, тиiстi қаржы жылына айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүз қырық мың еселенген мөлшерiнен кем емес баламалы соманы құрайды;
      борыштық бағалы қағаздар эмитентiнiң аудиторлық есеппен расталған соңғы есептi күнге қаржылық есептiлiкке сәйкес аяқталған үш қаржы жылының бiреуіндегі таза пайдасының болуы;
      лизингтік ұйымды және кредиттiк серiктестiктi қоспағанда, қаржылық емес ұйымы - эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын сату көлемi негiзгi қызметi бойынша аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептiлiктiң деректерi бойынша соңғы жылдың әрбiр жылы үшiн республикалық бюджет туралы заңда белгiленген, тиiстi қаржы жылына айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүз қырық мың еселенген мөлшерiнен кем емес баламалы соманы құрайды;
      борыштық бағалы қағаздар эмитентi акционерлерінiң жалпы жиналысында бекітілген корпоративтік басқару кодексiнiң болуы;
      борыштық бағалы қағаздар эмитентiнiң құрылтай құжаттарында және (немесе) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектiсiнде бағалы қағаздардың меншік иесiнiң оларды иелiктен шығару (беру) құқығына нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн нормалардың болмауы;
      10) шетел мемлекеттердiң орталық үкiметтерi шығарған, Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ-»-тен төмен емес тәуелсiз рейтингілiк бағасы немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар мемлекеттiк мәртебесіне ие бағалы қағаздары;
      11) шетелдiк ұйымдар шығарған мемлекеттiк емес бағалы қағаздары:
      Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ-»-тен төмен емес халықаралық рейтингілiк бағасы немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар борыштық бағалы қағаздары;
      Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ-»-тен төмен емес халықаралық рейтингілiк бағасы немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар эмитенттердiң акциялары және осы акциялар базалық активтері болып табылатын депозитарлық қолхаттары;
      12) тiзбесi осы Нұсқаулықтың 37-тармағында белгiленген халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары;
      13) Лондондық қымбат металлдар нарығының қауымдастығы (London billion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетiн және осы қауымдастықтың құжаттарында «Лондондық сапалы жеткiзiлiм» («London good delivery») стандарты ретiнде белгiленген тазартылған қымбат металлдары және металл депозиттерi, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгiнiң «А»-дан төмен емес халықаралық рейтингілiк бағасына немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие Қазақстан Республикасының резидент емес банктерiндегi металл депозиттерi.
      Осы тармақта көрсетiлген қаржы құралдары осы Нұсқаулықтың 6-қосымшаcында көрсетiлген көлемде жоғары өтiмдi активтер есебiне енгiзiледi.».
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 2 қазандағы № 148 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5365 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесінде:
      19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Қор өз активтерінің бөлігін мынадай қаржы құралдарына:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға;
      2) мынадай талаптардың біріне сәйкес келген жағдайда:
      банктердің Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Рооr's ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ»-ден төмен емес рейтингілік бағасы бар;
      банктер Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-» санатынан төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар резидент емес бас банктердің еншілес резидент - банкі болып табылады;
      банктердің Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В+»-тен «В»-ға дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ-»-тен «kzВ+»-ке дейінгі рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі салымдарға;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ»-ден төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының облигацияларына;
      4) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес айналысқа шығарылған ақша);
      5) Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетел мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздарға орналастыруды жүзеге асырады.
      Осы тармақтың 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген қаржы құралдарына Қордың активтерін жиынтық орналастыруы Қор активтерінің сексен пайызынан кем емес болады.
      Қор активтерін инвестициялау мөлшері инвестициялық портфельді басқарушы мен Қор арасында жасалатын инвестициялық стратегияда белгіленеді.
      Инвестициялық портфельді басқарушы Қор активтерін инвестициялаған кезде инвестициялық портфельді басқарушы ақшаны есепке алу үшін шот және орналастырылған салымдарды (депозиттерді) және Қор активтері есебінен сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін баланстан тыс шот ашады.
      Қордың активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға берген кезде Қор айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша бір айда бір реттен кем емес, өзінің есепке алу жүйесі деректерінің инвестициялық портфельді басқарушының және Қор активтерінің есебі мен сақталуын жүзеге асыратын кастодианның деректеріне сәйкес келуіне үш жақты салыстырып тексеру жүргізеді.
      Салыстырып тексеру қорытындысы бойынша мынадай ақпарат:
      ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін көрсетіп, бағалы қағаздардың саны (данамен) туралы;
      банктердің атауын, салымдар сомасын, банк салымдары шарттарының жасалу күндері мен нөмірлерін, салымдар мерзімдерін, сыйақы ставкаларын көрсете отырып, екінші деңгейдегі банктердегі салымдар туралы;
      теңгемен және шетел валютасында инвестициялық шоттардағы ақша қозғалысы туралы;
      қаржы құралдарының сатып алу құны туралы;
      қаржы құралдарының ағымдағы құны туралы;
      әр қаржы құралы бойынша есептелген және алынған инвестициялық кіріс сомасы туралы;
      көрсетілетін қызметтер түрлері бойынша комиссиялық сыйақылар сомасы туралы;
      инвестициялық шоттардағы ақша қалдықтары туралы ақпаратты;
      инвестициялық қызметке қатысты өзге мәліметтерді қамтитын салыстырып тексеру актісі жасалады.
      Салыстырып тексеру актісіне Қордың, инвестициялық портфельді басқарушының және кастодианның бірінші басшылары мен бас бухгалтерлері қолы қояды және ол осы ұйымдардың мөр таңбасымен расталады.
      20. Қордың қаржы құралдарына инвестициялардың мөлшері мынадай мәндерден:
      1) екінші деңгейдегі бір банкте (Қормен жасалған агенттік келісім негізінде кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсететін, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын агент банкті қоспағанда) және оның үлестес тұлғаларында салымдарға, ақшаға және облигацияларға («кері репо» операцияларын есепке алғанда) жиынтық орналастыруы - Қор активтерінің он пайызынан астам, бірақ осы эмитенттің меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес пайызынан астам;
      2) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В+»-тен «В»-ға дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ-»-тен «kzВ+»-ке дейінгі рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар екінші деңгейдегі бір банкте (Қормен жасалған агенттік келісім негізінде кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсететін, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын агент банкті қоспағанда) және оның үлестес тұлғаларында салымдарға жиынтық орналастыруы - Қор активтерінің бес пайызынан астам, бірақ осы банктің меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес пайызынан астам;
      3) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының (Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда) және осы заңды тұлғаның үлестес тұлғаларының облигацияларына жиынтық орналастыруы - Қор активтерінің он пайызынан астам, бірақ осы эмитенттің меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес пайызынан астам;
      4) Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе бір мемлекеттің басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетел мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздарға («кері репо» операцияларын есепке алғанда) жиынтық орналастыруы - Қор активтерінің он пайызынан астам;
      5) Қор активтерінің қатысуымен жасалатын «кері репо» мәмілелері - Қор активтерінің он пайызынан астам аспайды.
      Қор активтерін облигацияларға жиынтық орналастыруы бір эмиссияның жалпы облигациялары көлемінің жиырма бес пайызынан аспайды.».
      4. Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Ескерту. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Ескерту. 6-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 146 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Ескерту. 8-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.