"Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстар түрлерін сыныптауды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 166 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 897 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 17 қаңтарда № 8269 тіркелді

Қолданыстағы

      «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 12-бабының 2-тармағының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстар түрлерін сыныптауды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 166 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6875 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 14 сәуірдегі № 125-126 (26546-26547) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстар түрлерін сыныптауда:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы Сыныптауда мынадай анықтамалар қолданылады:
      1) автомобиль жолдарын басқарушылар – автомобиль жолдарының меншiк иелерi болып табылатын немесе шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы автомобиль жолдарын басқару қызметiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
      2) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын пайдалануды басқару - бұл экономикалық негiзделген жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын әзiрлеу арқылы оларға диагностикалау мен мониторинг жүргiзудiң негiзiнде автомобиль жолдары мен жол құрылыстарының қажеттi техникалық деңгейiн және көлiктiк-пайдалану жай-күйiн қамтамасыз ету бойынша ұйымдық және регламенттейтiн iс-шаралар кешенi;
      3) автомобиль жолдарының жай-күйiне мониторинг жүргiзу – бұл пайдалану және қоршаған ортаның ықпал етуi нәтижесiнде мүмкiн болатын антропогендiк өзгерiстердiң жай-күйiн қадағалау мен бақылау, бағалау мен болжамдау жүйесi;
      4) автомобиль жолдарын маршрутты жөндеу тәсiлi - бұл көлiк қозғалысы үшiн қауiптi ақаулықтарды жою және ұзақтығы 500 метрге дейiнгi учаскелердегi жол жабынының тегiстiгiн қалпына келтiру жұмыстарын қоса алғанда, ағымдағы жөндеу есебiнен маршрут бойынша орындалатын жөндеу iс-шараларының кешенi;
      5) жол жамылғысы - бұл автокөлiк құралдарынан түсетiн салмақты қабылдайтын және оны топыраққа беретiн автомобиль жолдарының бөлiнген белдеулерiнiң шегiндегi көп қабатты құрылғы;
      6) жол жамылғысы қызметiнiң жөндеу аралық мерзiмi - бұл жол құрылысының көтеру қабiлеттiлiгiн (күшейту) арттырумен байланысты кезектi күрделi жөндеуге дейiнгi құрылыс, қайта жаңарту немесе күрделi жөндеуден кейiн жолды пайдалануға тапсырған күннен басталған кезең;
      7) жол жабыны қызметiнiң жөндеу аралық мерзiмi - бұл тозу қабатын қалпына келтiру және тегiстiлiк пен көлiк қозғалысының қарқындылығы бойынша қажеттi маңыздылығына дейiн ұқсас сапаларын орнына келтiрумен байланысты кезектi орташа жөндеу орындауға қажеттiлiк туындағанға дейiн құрылыс, қайта жаңарту, күрделi немесе орташа жөндеуден кейiн жолды пайдалануға тапсырған уақыт кезеңi;
      8) жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясы – бұл бөлiнетiн ресурстарды тиiмдi пайдалану кезiнде автомобиль жолдары мен жол құрылыстары желiсiнiң көлiктiк-пайдалану жай-күйiн сақтау және жақсарту бойынша аса тиiмдi ұзақ уақытты техникалық шешiмдердi және басқаратын ықпал етулер кешенi;
      9) жол жүру үшін төлем ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешені – жол жүруге төлем ақы алу үшін арналған автомобиль жолдарының жабдықтары, бағдарламалық қамтамасыз ету және элементтер жиынтығы;
      10) зияткерлiк көлiк жүйесi (бұдан әрі – ЗКЖ) – ғаламдық қызметтер мен үдерiстерден, ақпараттың орталықтандырылған интеграцияланған массивтерiн қамтамасыз ететiн, интеграцияны қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету және енгiзудi қамтамасыз ету мәлiметтерiн басқару, бiрыңғай бизнес-ережелер бойынша мәлiметтердi түзету және қол жеткiзу, шаруашылық-өндiрiстiк есептердi жүргiзу жүйесiн, өзiнiң iшкi сәулеттiлiгi, қызметтерi, үдерiстерi және жоғары санаттағы автомобиль жолдарында көлiк құралдарының қажеттi өткiзу қабiлеттiлiгiн және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн мәлiметтерi бар жол қозғалысын басқару жүйесiнен тұратын интеграцияланған мәлiметтердi жинау, өңдеу және сақтауды қамтамасыз ететiн, өз құрамында Жүйенi Басқару Орталығы бар автомобиль жолдарын әкiмшiлiк-шаруашылық басқару және жол қозғалыс тапсырмаларын қызметтiк және ақпараттық деңгейде шешетiн бірыңғай жүйеге біріктірілген қозғалысты басқару кешені;
      11) көлік құралдарының қозғалысын бақылау мен мониторинг жүргізу үшін өлшеу құралдары, жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету – жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын бақылау мен мониторинг жүргізуді қамтамасыз ететін жабдықтардың кешені.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Автомобиль жолдарының құрамына мыналар кіреді: бөлінген белдеулер, жолдардың құрылымдық элементтері, жолдарды жайластыру және абаттандыру, су жібергіш және су өткізгіш құрылыстар, көпірлер, жол өткізгіштері, көлік айрықтары, су доғалары, үңгі жолдар, қорғаныс галереялары, жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға арналған құрылыстар мен құрылғылар, орман алқаптары, гүлзарлар, гүл бақтары, гүл бақшалары, қолдан отырғызылған ағаштар, мемлекеттік меншік болып табылатын желілі тұрғын үй ғимараттары мен жол-пайдалану қызметтерінің кешендері, жол жүру үшін ақы алу жүйесінің бағдарламалық-аппараттық кешен, ЗКЖ және автокөлік құралдарының қозғалысын бақылау мен мониторинг жүргізуді қамтамасыз ететін өлшеу құралдары, жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету және белгіленген габарит шегінде олардың үстіндегі әуе кеңістігі.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде сыныпталатын жұмыс түрлері қолданыстағы жол саласының нормативтік-техникалық құжаттамалардың талаптарына сәйкес орындалуда.»;
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын көктемгi, жазғы, күзгi кезеңдерде күтiп ұстау кезiнде келесi жұмыстар орындалады:
      1) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарының жай-күйiне патрульдiк қадағалау;
      2) жер жамылғысы мен су өткiзу жүйесi бойынша:
      су өткiзгiш жыраларды көктемде қардан, ал жазда қоқысты шығару арқылы жиналған қоқыспен балшықтан тазалау;
      жиектердегi, иiрiмдi учаскелердегi кептiргiш науаларды қазу және себу;
      жиектердi жоспарлау, шөптермен себу;
      шабу және шабылған шөптердi жинау;
      шабылған материалдарды жинау арқылы жер жамылғысының жиектерi мен шеттерiндегi бұталарды қазып алу, ағаштарды, жабайы өсетiн бұталарды тамырымен жұлу;
      материалдар қоспастан жиектер мен себу бермдерiн жоспарлау;
      жеке учаскелерде 1 км-ге 100 метр шаршыға дейінгі көлемде көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бермді себу және жиектерді кесу және жоспарлау;»;
      3) бөлiнген белдеулер бойынша:
      су ағысын қамтамасыз ету үшiн бөлу жолағын жоспарлау;
      бөлу жолағындағы қоқысты жинау, оны тиеу және қоқыс төгiлетiн жерге шығару;
      шабылған материалдарды жинау арқылы жол қозғалысының қауiпсiздiгiне ықпал ететiн ағаштарды, бұталарды, жабайы өсетiн бұталарды шабу және тамырымен жұлу;
      бөлiнген белдеулердi шабу және шабылған шөптердi, қамыстарды және қурайларды жинау;
      4) күрделi жамылғысы бар жүру бөлiгi бойынша:
      жүру бөлiгiн тазалау және жуу;
      жарықшақтарды құю;
      шұңқырларды жою, жарықшақтарды, шұңқырларды, отырыңқы жерлерді бітеу, алайда жөнделетін жол учаскесінің бір км 150 тонна асфальт-бетоннан аспайтын жиектерді тегістеу;
      жүру бөлігін белгілеу;
      цемент–бетон жамылғыларында жарықшақтарды жөндеу және толтыру;
      ұзақтығы 500 метрге дейін маршрутты тәсілмен (иірімдерді жою, негіздеме мен төсемені жөндеу, шұңқырлы жөндеу, жарықшақтарды жабу, тегістеу қабатын төсеу, жиектерді бекіту, жамылғының үстіңгі қабатын өңдеу) авариялық-қауіпті учаскелерді жөндеу;
      5) жетiлдiрiлген жамылғысы бар жүру бөлiгi бойынша:
      тұтқыр материалдарының аздығы бар учаскелердi күтiп ұстау;
      жарықшақтарды құю;
      шұңқырларды жою, жарықшақтарды, шұңқырларды, отырыңқы жерлерді бітеу, алайда жөнделетін жол учаскесінің бір км 150 тонна қоспадан аспайтын жиектерді тегістеу;
      жүру бөлігін белгілеу;
      6) өтпелi жамылғысы бар жүру бөлiгi бойынша:
      төсемдi балшықтан тазалау;
      төсемдi сумен шаңсыздандыру;
      1 км–ге 100 текше метрге дейiн материалдар қосу арқылы төсемдi кескiндеу және нығыздау;
      төсемдерге тас үгiндiлерi мен илендiлердi үю, катундарды жинау.
      7) топырақты және топырақты жақсартылған төсемi бар жүру бөлiгi бойынша:
      пайда болған шұңқырлар, сораптар, басқа тегiссiздiктердi жою үшiн төсемдi кескiндеу;
      iрi тегiссiздiктер пайда болғанға дейiн жүргiзiлетiн тегiстеу-профилактикалық iс-шаралары;
      жолдарды хлорлы кальций, битум және басқа материалдармен шаңсыздандыру;
      автомобиль жолдарының кепкен учаскелерiн күтiп ұстау, уақытша қоршау, ауа науаларын орналастыру және себу, жол төсемi мен жол жамылғысының үстiнен су өтуiн қамтамасыз ету;
      8) жолдардың жағдайы және абаттандыру, қозғалысты ұйымдастыру, байланыс, жарықтандыру объектiлерi бойынша:
      шу жолақтары, шудан қорғау экрандарын салу және жөндеу;
      жетiспейтiн белгiлердi, қоршауларды орнату, бұзылуларды қалпына түзету, жол белгiлерi мен қоршаулардың қалқандарын толық ауыстыру, панноларды орнату және жөндеу, жолды жайғастыру элементтерiн қалпына келтiру;
      сәулет безендiрулерi мен абаттандыру элементтерiнiң жеке бұзылуларын және ақаулықтарын жөндеу;
      автопавильондар, күркелер, жол белгiлерi, қоршаулар және автомобиль жолдарының басқа жайғастыру элементтерiн сырлау және ақтау, тiк және көлденең белгiлердi түсiру;
      күркелер, орындықтарды орнату және жөндеу;
      жаңа материалдар қолданбастан өтпелi, топырақты және топырақты жақсартылған төсемдерi бар жол бойындағы сервис объектiлерiнiң мемлекеттiк меншiктегi демалыс алаңдары мен кiреберiс жолдарын кескiндеу;
      қоршауларды, сигнал беру бағандарын, белгiлердi, қалқандарды үнемi тексеру, бекiткiштерiн тарту, қалқандарды түзету, шаң мен балшықтан тазалау, жуу;
      автобус аялдамаларын, дәретханаларды, күркелердi, автопавильондарды кезеңдi тексеру, шаңнан, балшықтан және қоқыстан тазалау, жуу;
      қозғалысты ұйымдастыру, байланыс және жарықтандыру құралдарын күтiп ұстау, күту және жарамдылығын қадағалау;
      жүру бөлiгiн және жиектердi бөтен, жол қозғалысының қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiн заттардан тазалау;
      жолдардың, көпірлердің, көпірөткелдердің, үңгіжолдың, көлік айрықтарын, сал өткелдер мен басқа жол құрылғыларын, электржарықтандыру желісін, істен шыққан шамдарды, шамшырақтарды, сымдарды, кабельдерді,трансформаторларды және басқа электрмен жабдықтау элементтерін ауыстыру, радио байланысын, жол жүруге ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін, ЗКЖ және басқа технологиялық және сигнал беру байланысының басқа құралдарын, кабель желілерін, сондай-ақ, бағдаршам объектілерін, қозғалысты ұйымдастыру құралдарын, олардың қызмет етуі үшін байланыс каналдарын жалға алуды қоса алғанда, қозғалысты диспетчерлік және автоматтандырылған басқару құралдарын тазалықта және ретке келтіріп ұстау;
      қозғалысты, байланыс және жарықтандыруды ұйымдастыру объектілерінің құралдарын жеке бұзылулардан және ақаулықтардан жөндеу, паспорттағы деректердің талаптарына сәйкес жол жүруге ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін, ЗКЖ, соның ішінде жол бойындағы жабдықтар, дербес жұмыс станциялары, Орталық басқару пунктінің (бұдан әрі - ОБП) ұйымдастыру техникасы, байланыс құралдары, паспорт деректерінің талаптарына сәйкес ОБП серверлік, желілік және бейне жабдықтары;
      оның кепілдік қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін паспорт деректерінің талаптарына сәйкес, жол жүруге ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін, ЗКЖ жабдықтарының шығындалған және тозып қалған бөліктерін, бөлшектерін, элементтерін және тораптарын ауыстыру;
      жол желiлiк телеграфтық немесе радио байланыс және басқа технологиялық және сигнал-шақыру байланысын қалпына келтiру;
      кабель желілерін, жол жүруге ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін және ЗКЖ басқарудың техникалық кешендерін паспорт деректерінің талаптарына сәйкес мерзімінде қалпына келтіру;
      9) жасанды құрылыстар бойынша:
      тапсырыс берушiнiң нұсқамасы бойынша жол қауiпсiздiгiн негiзге ала отырып, сүйеулер мен тосқауыл қоршауларының бұзылуларын түзету;
      сүйеу қоршауларының бояу қабатын (бояма) жергiлiктi қалпына келтiру;
      жүру бөлiгiнiң жиектас қоршауларына белгi қою;
      автожолдардың үстiндегi жол өткiзгiштерiнiң маңдай алды арқалықтарының астына тiк белгiлер қою;
      автожолдардың үстiндегi жол өткiзгiштерiнiң тiректерiне тiк белгiлер қою;
      жинау техникасы өткеннен кейiн жаяу жүргiншiлер жолдарының бойындағы жүру бөлiгiн балшық пен бөтен заттардан тазалау;
      қар тазалайтын техника өткеннен кейiн жаяу жүргiншiлер жолдарының бойындағы жүру бөлiгiн қар мен мұздан тазалау;
      су қайтаратын түтiктердi балшықтан, тастардан және қардан тазалау;
      сорғылардан болған деформациялық жiктерiнiң су қайтаратын науаларын тазалау;
      қабаттарды ашық типтi деформациялық жiктерге алмастыруға арналған ойықтарды балшықтан тазалау;
      ашық типтi деформациялық жiктердiң күрделi құрылыстарының механизмдерiн тазалау және майлау;
      жаяу жүргiншiлер жолдарын балшықтан, қардан, қоқыстан және бөтен заттардан тазалау;
      суды жiберуге арналған жаяу жүргiншiлер жолдары шығырларындағы терезелердi тазарту;
      көпiрдiң жаяу жүргiншiлер жолы мен жүру бөлiгiнiң арасындағы тосқауыл қоршауларының қисық сызықты бiлеуiнiң астындағы кеңiстiктi балшықтан, қардан және мұздан тазалау;
      сүйенiш, тосқауыл қоршауларын, жол белгiлерiн кiр мен қардан тазалау;
      арқалықтардың үстiн кiрден, жағылған топырақтан, өсiмдiктерден тазалау;
      арқалықтардың тiрек тораптарын жуу;
      тiрек бөлiктерiн қардан, кiрден тазалау;
      тiрек бөлiктерiнiң жұмыс iстейтiн үстiне графиттi құрылыстарды жағу;
      темiр тiрек бөлiктерi бекiткiштерiнiң бұрандамаларын тарту;
      тiректердiң бастарын және фермалық алаңдарды қоқыс пен кiрден, қар мен мұздан тазалау;
      конустар мен еңiс бекiнiстерiн кiрден, шөптен және талдардан тазалау;
      тiректердегi мұзды уату және мұзды кесу;
      сең жүру және тасқын суларды өткiзудi ұйымдастыру;
      байқау құралдарын (баспалдақтар, арбашалар) тазалау;
      көпiр құрылыстарын ағымдағы және кезеңдi тексеру;
      көпiр аймақтарынан арақашықтығы 15-25 метрдегi, ағыны бойынша жоғары және төмен бұталы өсiмдiктердi жою және ағаштарды шабу, көпiр астындағы аймақтарды санитарлық тазалау;
      темiр-бетон құбырларының аралықтарын лай мен балшықтан тазалау;
      шағын көпiрлер мен құбырлардың аралықтарын күзде жабу және көктемде ашу;
      сел жүрудi, тасқын суларды жiберу, жолдар мен құрылыстарды тасқыннан, мұз басудан, орман және дала өрттерiнен қорғау бойынша сақтандыру жұмыстары;
      паромдық жолдарды, реттелетiн су өткiзгiш құрылыстардың шандорлы қалқалағыштарын күтiп ұстау және қызмет көрсету, навигациялық жабдықтар құралдарын орнату жұмыстары, көпiр алдындағы учаскеде жүзу, кеме жүзетiн құралдарды күтiп ұстау және «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының негiзiнде автомобиль жолдарының көпiр құрылыстарына кiреберiстердегi түбiн тереңдету және түбiн тазарту жұмыстарын жүргiзу;
      10) ғимараттар, өндiрiс базалары, жол зертханалары және пайдалану қызметiнiң аула алдындағы құрылыстары мен қосалқы құрылыстары бойынша:
      жаңа материалдарды қоспастан ауыспалы, топырақты және топырақты жақсартылған төсемi бар жол-жөндеу қызметтерiнiң ғимараттарына мемлекеттiк меншiкте тұрған кiреберiс жолдардың көлденеңiн дұрыс түсiру;
      ғимараттарды, өндiрiс базаларын, жол зертханаларын, аула алдындағы құрылыстар мен қосалқы құрылыстарды жүйелi түрде күтiп ұстау (шатырларын, суағар құбырларын, науаларын, түтiндiктерiн тазалау, су өткiзу және канализациялық құрылғыларды тазарту және басқа жұмыстар), жол қызметi ғимараттарының аулаларын, үй-жайларын және кiреберiс жолдарын тазалықта және ретке келтiрiп ұстау, өрттен қорғау, күзет сигнализациясын, күзет қызметiн, диспетчерлiк қызметтi күтiп ұстау, аумақты жарықтандыру, сугазжылуэлектржабдықтары, радио байланысты қамтамасыз ету және оларды жұмыс күйiнде күтiп ұстау;
      шыныларды ауыстыру, жеке элементтерiн жартылай ауыстыру арқылы су құбырын және канализациялық желiнi, байланыс желiсiн жөндеу, жылумен қамтамасыз ету, желдетпе, жарықтандыру жүйелерiн және электр жабдықтарын жөндеу;
      11) қысқы күтiп ұстау жұмыстарына жататындары:
      көк тайғаққа қарсы материалдарды әзiрлеу;
      көк тайғаққа қарсы материалдарды дайындау;
      қардан қорғану құралдарын (қалқандар, кiшкене қоршаулар, шарбақтар және сол сияқтылар) әзiрлеу;
      қардан қорғану шарбақтарын, қалқандарды, панельдерiн және басқа да қардан қорғану құрылғыларын орнату, бөлшектеу және жөндеу;
      жолдарды патрулдiк қардан тазалау, жолдарды қарлы борасындардан аршу, жолдардың жүру бөлiгiн қарлы жамылғыдан тазалау, жиектерден, еңiстерден және резервтерден қарлы дуалдардан жою;
      жол белгiлерi мен тосқауыл қоршауларын қарлы борасындардан тазалау;
      жүру бөлiгiн фрикциялық, химиялық және басқа да көк тайғаққа қарсы материалдармен өңдеу және оларды кейiннен жүру бөлiгiнен қажеттi уақыттан кейiн тазалау;
      автобус аялдамаларын, павильондарды, демалыс алаңдарын және жол қызметi объектiлерiн қар мен мұздан жүйелi түрде тазалау;
      қар тоқтату үшiн автомобиль жолдарының бойынан қар борасындары мен орларын құру;
      қар көшкiнiне қарсы iс-шараларды жүргiзу;
      мұз басумен күрес;
      жол техникасының тұрақтары мен жылыту пункттерiн жылумен қамтамасыз ету;
      тайғақ жамылғысы бар учаскелерде қысқа уақыт әрекет ететiн жол белгiлерiн орнату;
      демалыс және мереке күндерi ауыр ауа-райы жағдайларында жол техникасын, механизаторларды тәулiк бойы күзетудi ұйымдастыру.»;
      26-тармақтың  2) тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын:
      «2. жол төсемесі бойынша:
      жарықшақтарды, шұңқырларды бітеу, сораптарды жою, шұңқырларды, отырыңқы жерлерді жою, жиектерді тегістеу, жолдың жөнделетін учаскесіндегі бір км 150 тоннадан жоғары, 400 тоннадан кем емес төсемнің барлық типтерінде жеке жиектастарды алмастыру;
      иiрiм учаскелердi, отырыңқы жерлердi, сораптарды және шұңқырларды жою жұмыстарын жоспарлау кезiнде жұмыстар көлемi автокөлiктiң қауiпсiз қозғалысын қамтамасыз ету үшiн қажеттi санында жолдарды көктемгi және күзгi тексеру нәтижелерiнiң мәлiметтерiне сәйкес қабылданады;
      соның iшiнде монолиттi цемент-бетон төсемдерi бойынша:
      сегменттердiң тозған бетiн қалпына келтiру, цемент-бетон төсемдерi тақталарының сынықтары мен омыруларын жөндеу, қалпына келтiруге жатпайтын бұзылған тақталарды алмастыру, цемент-бетон төсемдерiн беттiк бұзылулардан қорғау;
      соның iшiнде жиналмалы темiр-бетон төсемдерi бойынша:
      темiр-бетон төсемдерiндегi жiктердi жөндеу және толтыру;
      жеке тақталарды көтеру және тегiстеу, тақталардың сынықтарын жөндеу, қалпына келтiруге жатпайтын бұзылған тақталарды алмастыру, төсемдердi беттiк бұзылулардан қорғау;
      соның iшiнде битуммен өңделген төсемдi қоса алғанда, шағылтасты және қиыршықтасты төсемдер бойынша;
      елендiлердi және ұсақ қиыршықтастарды себу;
      1 километрге 200 текше метрге дейiн жаңа материалдар қосу арқылы жеке учаскелерде қиыршықтасты және топырақты жолдардың қапталдарын түзету;
      жетілдірілген қоспаны қолдану арқылы жол төсемесінің үстіңгі қабатын төсеу.»;
      30-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «30. Жол жүру үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық жабдықтар кешенін, ЗКЖ және көлік құралдарының қозғалысын бақылау мен мониторинг жүргізуді қамтамасыз ететін өлшеу құралдары, жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету мерзімінде жөндеу және жоспарлы алмастыру олардың паспорт деректерінің талаптарына сәйкес жүргізіледі, соның ішінде:»;
      38-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) жолдың қозғалысын, байланысын және жарықтандыруды ұйымдастыру объектiлерi бойынша жолды жайластыру және орналастыру;
      жолдарды немесе олардың жекелеген учаскелерiн сәулеттiк ресiмдеу және жайластыру;
      аялдамалық, отырғызу алаңдарын және автопавильондарды жабдықтау;
      демалыс алаңдарын (күркелерi, су көздерi, қарау шұңқырлары немесе жолдағы автомобильдi профилактикалық байқау үшiн эстакадасы және басқа да жайластырулары бар), аялдама немесе автомобиль тұрағына арналған алаңдарды, аялдау қапталдарын оларға өту-жылдамдық жолағын жабдықтаумен (соның iшiнде әр түрлi деңгейлерде) жүргiншiлер өткелдерiн, сондай-ақ елдi мекендер шегiнде өтетiн қауiпсiздiк аралдарын, тротуарды, жол учаскелерiндегi жүргiншiлер жолдарын жабдықтау;
      күрделi жөндеу өтiп жатқан учаскелерде тосқауыл қоршауларын, бағыттайтын құрылғыларды және жол белгiлерiн жаңадан жабдықтау немесе ауыстыру;
      жүрiп өту үшiн ақы алу жүйесiнiң бағдарламалық-аппараттық кешенiн, сондай-ақ, ЗКЖ және тиiстi жабдықтарды монтаждау;
      автомобиль жолдарының бiр және әр түрлi деңгейдегi қолданып жүрген қиылысулары мен жанасуларын, сондай-ақ, барлық жолдағы немесе оның учаскелерiндегi жекелеген өтпелердi, түсетiн жерлердi және вираждарды, желiлiк жол қызметi ғимараттарына және жолдың сервистiк кешенiне кiреберiстердi жаңадан жабдықтау және қайта жабдықтау;
      қолданып жүрген жазғы трактор жолын, жөндеу кезеңiндегi уақытша айналма жол құрылысын жаңадан орнату және қайта орнату немесе дүлей апаттардан қираған жол учаскелерiн қалпына келтiру;
      жолдың жекелеген учаскелерiнде, көпiрлерде және паромдық өткелдерде электрмен жарықтандыруды, жол желiлiк (телетаспа) немесе радиобайланыстың және технологиялық байланыстың басқа құралдарын жабдықтау;
      қозғалысты есепке алу пункттерiн, жолдың, оның жекелеген элементтерiнiң, құрылыстардың және одан өтетiн көлiк ағындарының жұмыстарын зерделеу үшiн қажеттi қар өлшейтiн және су өлшейтiн посттарды және басқа құрылғыларды орнату және жабдықтау;
      қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды өткiзу (қазандықтарға тозаң тұтатын құрылғыларды салу, су көздерiн ластанудан қорғау және басқа жұмыстар);
      қажеттi коммуникациялық желiлерге қосу арқылы көлiк құралдарының қозғалысын бақылау және мониторинг жүргiзу үшiн өлшеу құрылғыларын, құрал-жабдықтарды орнату және бағдарламалық қамтамасыз ету;
      күзеттi талап ететiн стратегиялық маңызды объектiлерде күзет жүйесiн және бейне бақылауды орнату;
      қажетті коммуникациялық желілерге қосу арқылы жол жүруі үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін орнату.».
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (З.С. Сағынов) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Р.В. Склярға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                       А. Жұмағалиев