Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясы гауптвахталарының ішкі тәртіп қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 972 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 16 қаңтарда № 8266 тіркелді

Қолданыстағы

      «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясы гауптвахталарының ішкі тәртіп қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығы:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
      2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұйрықты ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына жолдасын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Министрдің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      Министр                                     Ә. Жақсыбеков

Қазақстан Республикасы   
Қорғаныс министрінің    
2013 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 972 бұйрығымен     
бекітілген         

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери
полициясы гауптвахталарының ішкі тәртіп қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясы гауптвахталарының iшкi тәртiп қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi – Заң) 15-бабына сәйкес әзірленді, ұсталғандарды, күдіктілерді, айыпталушыларды, әкімшілік тәртіппен қамауға алынғандарды және гауптвахтада ұстауға сотталғандарды (бұдан әрі – гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер) ұстау режимін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясының гауптвахталарындағы (бұдан әрі – гауптвахталар) iшкi тәртiпті айқындайды.
      2. Әскери полицияның гауптвахтасына:
      1) қылмыс жасауға күдіктену бойынша тергеушімен немесе анықтау органдарымен (ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, қаржы полициясы, әскери полиция, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, кеден органдары, шекара бөлімдерінің командирлерімен, әскери полиция органы болмаған жағдайда әскери бөлімдердің командирлерімен) ұсталған әскери қызметшілер – жетпіс екі сағаттан артық емес мерзімге;
      2) тергеуші немесе анықтау органы, прокурор немесе судья оларға қатысты қамауға алу түрінде жолын кесу шарасын таңдаған күдікті және айыпталушы әскери қызметшілер – қылмыстық іс жүргізу заңнамасымен айқындалған мерзімге;
      3) тәртіптік әскери бөлімге жіберумен сотпен сотталған әскери қызметшілер – сот үкімі немесе қаулысы заңды күшіне енгенге дейін;
      4) гауптвахтада ұстаумен қамауға алуға сотпен сотталған әскери қызметшілер – соттың үкімімен айқындалған мерзімге;
      5) олар лауазымды адамдарға ашық бағынбаған немесе қарсылық білдірген, теріс қылық жасаған жағдайларда, сондай-ақ оларды дереу уақытша оқшаулауды талап ететін жағдайларда ұсталған әскери қызметшілер – заңмен белгіленген мерзімге жіберіледі.
      3. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші жауап алынуға тек жұмыс уақытында ғана шақырылады және камераға жауап алынудан кейін сағат 21.00-ден кешікпей қайтады.
      4. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер Заңмен оларға жүктелген міндеттерді және Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер үшін талаптарды мүлтіксіз сақтауға тиіс.
      5. Гауптвахтада Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес гауптвахтаны инспекциялайтын адамдардың ескертулері мен ұсыныстарының кітабы жүргізіледі, оған инспекциялаушылар өздерінің ескертулерін, кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстарын енгізеді.
      6. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер негізгі жалпыәскери үлес нормасы бойынша тамақтанумен қамтамасыз етіледі, оларды тамақтануға қабылдау азық-түлік аттестаттары бойынша жүргізіледі. Егер гауптвахтада тамақ дайындалмаса, онда оны гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге жеткізу тәртібін гарнизон бастығы белгілейді.
      Гауптвахтаға немесе уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайға қамауға алынған, азық-түлік аттестаттары жоқ гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер әскери полиция органы бастығының (әскери бөлім командирінің) бұйрығынан үзінді бойынша жабдықталымға қабылданады.
      Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер камераларда немесе гауптвахта жанындағы асханада тамақтанады. Жеке камераларда ұсталатын гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер камераларда тамақтанады.

2. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді
қабылдау және камералар бойынша орналастыру

      7. Гауптвахтаға қамауға алынатын әскери қызметшілерді қабылдауды гауптвахта бастығы немесе гауптвахта қарауылының бастығы жүргізеді, ол гауптвахтаға жеткізілген адамды қабылдауға негіз беретін құжаттардың бар болуын тексереді, көрсетілген адамнан жауап алады және медициналық тексеруді жүргізетін медицина қызметкерінің қатысуымен оның жауаптарын жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген мәліметтермен салыстырып тексереді.
      8. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер мынадай құжаттармен жіберілуі тиіс: ұстау хаттамасы, тергеушінің, анықтаушының, прокурордың немесе судьяның қаулысы не қамауға алу түріндегі жолын кесу шарасын таңдау туралы соттың қаулысы, командирдің (бастықтың) әскери қызметшіні гауптвахтаға жіберу туралы бұйрығының көшірмесі, қызметтік есепке алу картасы, медициналық кітапшасы, әскери билеті, әскери қызметшінің куәлігі (жеке басын куәландыратын құжат), азық-түлік және киім-кешек аттестаттары.
      9. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің жеке басын куәландыратын құжаттары жеке iсiнде сақталады, қажет болған кезде қылмыстық процесс жүргiзетін органның өкiлiне, кейiннен қайтарып бере отырып, қолын қойғызып беріледi.
      10. Гауптвахтаға қабылдау үшiн негiз болып табылатын құжаттар тиiстi лауазымды адамдардың қол қоюымен куәландырылуы және елтаңбалы мөрмен бекітілуі тиiс.
      11. Гауптвахтаға судьяның немесе соттың қамауға алу түрiндегi жолын кесу шарасын таңдау туралы қаулысынан үзінді ұсынылған жағдайларда, онда оған қатысты осы жолын кесу шарасы қолданылған адамның толық анықтама деректері көрсетiлуi тиіс. Үзінді лауазымды адамның қол қоюымен куәландырылған, елтаңбалы мөрмен бекiтiлген болуға тиiс және үш күнтізбелік күннен кешiктiрiлмей қаулының көшiрмесiмен ауыстырылуға жатады.
      12. Гауптвахтаға қабылданған адамдар, олар келiп түскен күні бiр күнтізбелік күннен кешіктірмей медициналық тексеруден өтедi. Медициналық тексеру нәтижелері медициналық кітапшаға енгiзiледi.
      Медицина қызметкерінің қорытындысы бойынша шұғыл стационарлық емдеудi қажет ететiн адамдар гауптвахтаға қабылданбайды. Медициналық көрсеткіштер бойынша оларға медициналық көмек көрсетiледi.
      13. Медициналық тексеруден өткеннен және оның нәтижелерін алғаннан кейiн қамауға алынғандар төсек жабдықтарын алады.
      14. Гауптвахтаға қабылданған қамауға алынған әскери қызметшілерге құқықтары мен мiндеттерi, қамауда ұстау режимi, тәртiптiк талаптары, ұсыныстарды, өтiнiштер мен шағымдарды беру тәртiбi туралы ақпарат ұсынылады. Көрсетiлген ақпарат жазбаша түрде де, ауызша түрде де ұсынылуы мүмкін.
      15. Кейiннен мұндай ақпаратты гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіні жеке қабылдауда гауптвахта бастығы және ол өкiлеттiк берген қызметкерлер ұсынады.
      16. Әрбiр гауптвахтаның стендінде гауптвахтада ұсталатын адамдардың негiзгi құқықтары мен мiндеттерi туралы мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жазылған ақпарат iлiнедi.
      17. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді, ер адамдар мен әйелдерді камералар бойынша орналастыру бөлек, санаттары және негіздері бойынша жүргізіледі. Бiр қылмыстық iс бойынша немесе өзара байланысты бiрнеше iс бойынша гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер бөлек Қағидаларға 3-қосымшадағы камералар бойынша орналастыру жоспарына сәйкес орналастырылады.
      Камералар бойынша орналастыруды гауптвахта бастығы немесе қарауыл бастығы жүргізеді.
      18. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер жалпы камералардың сипаттамасында көрсетілген құлыппен жабылатын жалпы камераларда ұсталады (Қағидаларға 4-қосымша). Гауптвахтада ұсталатын адамдарды жеке камераларға орналастыруға гауптвахта бастығының дәлелді шешімі бойынша:
      1) Заңның 32-бабында көзделген бөлек орналастыру талаптарын сақтауды қамтамасыз етудiң өзге мүмкiндiгi болмаған;
      2) өмiрі мен денсаулық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүддесiнде;
      3) гауптвахтада ұсталатын адамдардың жеке ұстау туралы жазбаша өтiнiші бар болған жағдайда рұқсат етiледi.
      19. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді жеке камераларда бiр күнтізбелік күннен артық мерзімге ұстауға Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес прокурор санкция берген «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының тәртiбiмен гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіні жеке камераға ауыстыру туралы қаулы шығарылады.
      20. Оқшаулау тәртібі гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің барлық жүріп-тұруларында (дәліздер мен гауптвахта аумағында жүруінде, серуендеуінде, санитарлық тазартуда, еңбек объектілерінде) қамтамасыз етілуі тиіс.
      21. Оқшаулауды қамтамасыз ету үшін камера терезелері камераға табиғи жарықтың түсуіне кедергі келтірмейтін торлармен жабдықталады.

3. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді
жеке тiнту, суретке түсiру және заттарын тексеру

      22. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер толық жеке тiнтуден өткiзiледi және суретке түсiрiледi, ал олардың жеке заттарына тексеру жүргiзiледi.
      23. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді жеке тiнту және олардың заттарын тексеру сақтауға және пайдалануға тыйым салынған құралдарды, заттарды және азық-түлiк өнімдерін немесе өзiне тиесiлi емес заттарды анықтау және алу мақсатында жүргiзiледi.
      24. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге сақтауға және пайдалануға тыйым салынған заттарға адам өмiрiне және денсаулығына қауiп төндiретiн немесе қылмыс жасау құралы ретiнде немесе қамауда ұстау мақсаттарына қарсыласу үшін пайдаланылуы мүмкін құралдар, заттар мен азық-түлік өнімдері жатады. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер Қағидаларға 6-қосымшада белгіленген гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер өздерімен бірге алып жүре алатын, сақтай алатын, сәлемдемелер арқылы ала алатын азық-түлік өнімдерінің, бірінші кезекте қажет заттар, аяқ киiм, киiм және басқа да өнеркәсіптік тауарлар тізбесіне (бұдан әрi – Азық-түлік өнімдерінің тiзбесі) сәйкес азық-түлік өнімдерін өздерімен бірге алып жүре алады, сақтай алады, сәлемдеме арқылы ала алады.
      25. Жеке тiнту толық және жартылай болады. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер одан тыс жерге жөнелтер алдында, жеке камераға қамауға алған кезде толық тiнтуден өтеді.
      26. Толық тiнту кезінде тiнтiлушiнiң денесi, оның киiмi, аяқ киiмi мұқият тексерiледi. Пластырь жапсырмалары, гипс және басқа да байлауыштар медицина қызметкерiмен бiрге тексерiледi. Киiмге жасырын тiгiлген заттар анықталған кезде матасы сөгiледi. Аяқ киiмнен жапсырмалар, металл тағалар алынады.
      27. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерде өзiмен бірге алып жүруге және камерада сақтауға рұқсат етілетін заттар, киімдер ғана қалдырылады.
      28. Жартылай тiнту гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді гауптвахта шегінде шығарған кезде (медицина қызметкеріне, тергеушiге, туыстарымен және өзге де адамдармен кездесу алдында және одан кейін, басқа камераға ауыстыру кезiнде) жүргiзiледi. Жартылай тiнту кезінде тiнтiлушiнi шешiндiрмей, оның киiмi және аяқ киiмi саусақпен басып көру арқылы тексеріледі.
      29. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді жеке тiнтуді гауптвахта қызметкерлерi жүргiзедi.
      Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің денесін тексеру күн сайын жүргізіледі.
      30. Гауптвахтаға қамауға алынатын әскери қызметшілерді, олардың жеке iсiнде тану фотосуреттері болмаған кезде гауптвахта әкімшілігі фотосуретке түсіредi. Олардың әрқайсысына көлемi 4,5х6, 6х9 сантиметр алты фотосурет (үшеуi алдынан және үшеуi қырынан) жасалады.
      31. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің заттарын тексеру гауптвахтаға түскен кезде, одан тыс жерге жөнелтер алдында, басқа камераға, әскери-медициналық мекемеге ауыстыру кезінде өзінің қатысуымен жүргiзiледi.
      32. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді толық жеке тiнту немесе олардың заттарын тексеру хаттамамен ресiмделедi, оған тыйым салынған құралдардың, заттар мен азық-түлiк өнімдерінің алынғаны туралы акт қоса беріледі. Толық тiнту мен заттарды тексеру қатар жүргiзiлген жағдайда бiр хаттама жасалады. Хаттамаға гауптвахтаға қамауға алынатын әскери қызметші және жеке тiнту немесе заттарына тексеру жүргiзген гауптвахта қарауылының бастығы қол қояды.
      33. Гауптвахтаға қамауға алынатын әскери қызметшінің хаттамаға қол қоюдан бас тартуы және оның тiнту немесе заттарын тексеру кезiндегi талаптары хаттамада жазылады. Хаттама мен акт жеке iске тіркеледі.
      34. Жартылай жеке тiнту кезінде тыйым салынған құралдарды, заттарды және азық-түлiк өнімдерін алу туралы хаттама жасалады.

4. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерден
сақтауға және пайдалануға тыйым салынған құралдарды,
заттарды және азық-түлiк өнімдерін алу

      35. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіден сақтауға қабылданған немесе оған тиесілі алынған ақша, құндылықтар (қымбат металдар және одан жасалған бұйымдар, қымбат тастар, iнжу және одан жасалған бұйымдар, барлық түрдегi және маркадағы сағаттар, бағалы қағаздар, валюта және ұялы байланыс құралдары) гауптвахта бастығына сақтауға тапсырылады. Жеке құжаттар (жеке басын куәландыратын құжаттар) гауптвахта бастығында сақталады. Сақтауға және пайдалануға тыйым салынған құралдар, заттар және азық-түлiк өнімдері мекеменiң қоймасына сақтауға тапсырылады немесе соттың шешімі бойынша жойылады.
      36. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерден алу немесе сақтауға қабылдау нәтижелері бойынша Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес актінің үлгісі бойынша үш данада акт жасалады. Бiрiншi данасы гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге берiледi, екiншi данасы – бөлiмнің уәкілетті өкіліне беріледі, үшiншi данасы жеке iсте сақталады.
      37. Гауптвахта әкiмшiлiгi гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерден сақтауға қабылданған немесе алынған ақша сомасы немесе құндылықтар туралы іс жүргізуінде қылмыстық iс бар адамды немесе органды олардың сұрау салуы бойынша хабардар етеді.
      38. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіден заттар мен азық-түлiк өнімдерін сақтауға қабылдауды медициналық бөлім қызметкерінің қатысуымен қарауыл бастығы жүргізеді.
      39. Қамауда ұстау кезеңiнде гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіден ақшаны немесе құндылықтарды алудың немесе табудың әрбiр фактiсі бойынша олардың келіп түсу көзін және нақты иесiн анықтау мәніне қызметтік тексеру жүргiзiледi.
      40. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерден оларға тиесілі емес табылған және алынған құралдар мен заттар иелерiне қайтарылады. Егер алынған құралдардың, заттардың және азық-түлiк өнімдерінің иесi анықталмаса, ақша, бағалы қағаздар мен бағалы заттар алынады, ол туралы хаттама жасалады және сату және мемлекет кірісіне аудару үшін әскери полиция органының қаржы қызметі арқылы салық органдарына беріледі.
      41. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің өтiнiшi бойынша және адамның немесе iс жүргізуінде қылмыстық іс бар органның келiсiмiмен гауптвахтада сақтауда жатқан құралдар, заттар және азық-түлiк өнімдері гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің туыстарына берiледі.
      42. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші қайтыс болған жағдайда сақтауда тұрған оған тиесілі ақша, құндылықтар, басқа да құралдар, заттар және азық-түлiк өнімдері оның туыстарына беріледі.

5. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді
материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету

      43. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер:
      1) ұйықтайтын орынмен;
      2) төсек-орын жабдықтарымен: матрацпен, жастықпен, көрпемен;
      3) төсек жабдығымен: екi жаймамен, жастық тысымен;
      4) сүлгімен;
      5) тапочкалармен;
      6) асхана ыдысымен және асхана аспаптарымен: тегешпен, кружкамен, қасықпен;
      7) жалпыәскери жарғылармен, кітаптармен, журналдармен және мерзімді басылыммен қамтамасыз етіледі.
      Көрсетілген мүлік қамауда ұстау кезеңіне берiледi.
      Камералар сәкімен, үстелдермен, орындықтармен, түкіргіштермен, кружкалармен және ішетін суы бар ыдыспен жабдықталады.
      Офицерлерді ұстауға арналған камералар сәкілермен, үстелдермен, орындықтармен, жеке заттарға және жуынатын керек-жараққа арналған тумбочкалармен, ішетін суы бар ыдыспен және кружкалармен, ілгіштермен және түкіргіштермен жабдықталады.
      Барлық камераларға түнгі уақытта кезекші жарық түсіріледі.
      44. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге
ұзақтығы кемінде 15 минут душта жуыну мүмкiндiгі берiледi, моншада жуыну аптасына бір рет әскери полиция органының бастығы белгілеген күндері және сағаттарда жүргізіледі. Моншада жуыну күндері гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің іш киімдері мен төсек жабдықтарын ауыстыру, сондай-ақ оларды медициналық тексеру жүзеге асырылады.
      45. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге олардың өтiнiшi бойынша ұсыныстар, өтiнiштер, шағымдар жазу үшін жазу құралдары берiледi (қағаз, шариктi қаламсап).
      46. Гауптвахта әкімшілігінің кінәсінен гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге келтiрiлген материалдық залал Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өндiрiліп алынады.

6. Сәлемдемелердi қабылдау және гауптвахтаға қамауға
алынған әскери қызметшілерге беру

      47. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге бірінші кезекте қажет заттар, маусым бойынша киім, сондай-ақ дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар бар сәлемдемелер, бандероль алуға рұқсат етіледі. Сәлемдемелер, бандероль әскери полиция органы бойынша кезекшінің қатысуымен Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес азық-түлік пен киім-кешек сәлемдемелерін тексеру тәртібінде тексеріледі. Мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жазылған азық-түлiк өнімдерінің тiзбесi гауптвахтаның стендіне iлiнедi.
      48. Сәлемдеме жеткізген адам өтінішті Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша екі данада толтырады және оған қол қояды. Өтініштің екі данасы, сәлемдеме жеткізген адамның жеке басын куәландыратын құжат гауптвахта қызметкеріне беріледі.
      49. Сәлемдеме қабылдай отырып, гауптвахта қызметкері келушіге жеке құжаттары мен қабылдағаны туралы қолы бар өтініштің бір данасын қайтарады, ал екінші данасын гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші сәлемдемені алғанға қол қойғаннан кейін оның жеке ісіне тіркейді. Бұл адамға арналған жеке істе сәлемдемені алғаны туралы белгі қойылады. Өтінішке қол қоюдан бас тартылған жағдайда, онда ол туралы тиісті белгі жасалады.
      50. Сәлемдемеде, бандерольде, хатта табылған гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіде болуға тыйым салынған құралдар немесе заттар алынады және қайтару себептерін көрсете отырып, сәлемдеме жеткізген адамға қайтарылады. Сәлемдеме пошта арқылы алынған жағдайда тыйым салынған құралдар, заттар немесе ақша сотталушының жеке заттарының тізімдемесіне енгізіледі және жазалау мерзімін өтегенге дейін оның басқа да жеке заттарымен бірге сақталады.
      51. Сәлемдеме мынадай жағдайларда:
      1) адресат қамаудан босатылған;
      2) гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші қайтыс болған;
      3) сәлемдеме жеткізген адам жеке басын куәландыратын құжатты көрсетпеген;
      4) сәлемдеменің салмағы пошта қағидаларында көзделген нормаға сәйкес келмеген;
      5) сәлемдеме қабылдауға өтініш дұрыс ресімделмеген;
      6) гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің өзінің атына келген сәлемдемені қабылдаудан жазбаша түрде бас тартуы бар болған жағдайларда қабылданбайды және келушіге қайтарылады.
      52. Сәлемдеме, оны қабылдағаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге тапсырылады.

7. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің
жеделхаттар мен хаттарды, сондай-ақ шағымдар мен
өтініштерді алуы және жіберуі

      53. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге хат жазысуға, жазу құралдарын пайдалануға, газеттерді, жалпыәскери жарғыларды, әскери, оқу, ғылыми және көркем әдебиетті оқуға және радиобағдарламаларды тыңдауға рұқсат етіледі.
      54. Хат жазысу прокурорға және сотқа жазылған хаттардан басқа, iс жүргізуінде қылмыстық іс бар адамның немесе органның рұқсаты бойынша олардың есебінен жүзеге асырылады.
      55. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерден хаттар мен жеделхаттардың толтырылған бланкілерін гауптавахта өкілі күн сайын қабылдайды. Хаттар, оларда жіберушінің тегін, аты-жөнін және әскери полиция органының пошталық мекенжайын көрсете отырып, жапсырылмаған конверттерде ғана қабылданады. Жеделхаттың толтырылған бланкісіне жеделхатқа төлеу үшін қамауға алынған әскери қызметшінің дербес шотынан ақша алу өтінішімен әскери полиция органы бастығының атына жазылған қамауға алынғанның өтініш (ерікті түрде) қоса беріледі.
      56. Жеделхатты жібергеннен кейін гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге пошта түбіртегі тапсырылады, ал дербес шотта ақша болған жағдайда, оған тиісті белгісі бар ақша түбіртегі қайтарылады. Егер қалдық болмаса, ақша түбіртегі өтінішке тіркеледі. Жеделхат жіберген гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің пошта түбіртегін алғаны туралы қолы бар өтініші жеке іске тіркеледі.
      57. Жәбірленушілерге, қылмыс куәгерлеріне жолданған, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша қандай да бір мәліметтерді, қорлауды, қорқытуды, жазасын тарттыруға, қылмыс немесе өзге де құқық бұзушылық жасауға шақыруларды, гауптвахтаның күзеті, оның қызметкерлері, тыйым салынған заттарды беру тәсілдері туралы ақпаратты және қылмыстық іс бойынша шындықты анықтауға кедергі келтіруі немесе қылмыс жасауға ықпал етуі мүмкін, сондай-ақ мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын құпия жазумен, шифрмен орындалған басқа да мәліметтерді қамтитын хаттар мен жеделхаттар адресатқа жолданбайды, гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге тапсырылмайды және іс жүргізуінде қылмыстық iс бар адамға немесе органға беріледі.
      58. Келіп түскен хаттарды тапсыруды гауптвахта бастығы жүргізеді.
      59. Гауптвахтаның қызметкерлері күн сайын камераларды аралайды және гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерден ұсыныстарды, өтініштер мен шағымдарды жазбаша түрде де, ауызша түрде де қабылдайды.
      60. Ауызша түрде қабылданған ұсыныстар, өтініштер мен шағымдар гауптвахта бастығына баяндалады.
      61. Жазбаша түрде жолданған және мазмұндалған ұсыныстар, өтініштер мен шағымдар тіркеледі және олардың рұқсаты бойынша шаралар қабылдайтын әскери полиция органының немесе гауптвахтаның басшылығына баяндалады.
      62. Прокурорға немесе сотқа жолданған ұсыныстар, өтініштер мен шағымдар жапсырылған конвертте қабылданады және цензураға жатқызылмайды. Олар келіп түсуіне қарай дереу адресатқа жолданады.
      63. Қылмыстық қудалау органымен гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің және сотталған әскери қызметшілердің ұсыныстары, өтініштері мен шағымдары Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын тіркеу кітабында тіркеледі және бір күнтізбелік күннен кешіктірілмей әскери полиция органы арқылы тиесілігі бойынша жолданады.

8. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді
еңбекке тарту

      64. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер ұзақтығы аптасына төрт сағаттан артық емес гауптвахтаға шаруашылық қызметін көрсету жөніндегі жұмыстарды орындауға тартылады.
      65. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер кезектілік тәртібімен камераларды және гауптвахтаның басқа да үй-жайларын жинайды.
      66. Әкімшіліктік тәртіппен гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер күзеттің, дабылдама мен байланыстың инженерлік-техникалық құралдарын, көлік құралдарының барлық түрлерін және көбейту аппаратурасын жөндеумен және пайдаланумен байланысты жұмыстарға жiберiлмейдi.

9. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің
газеттер мен журналдарға жазылуын жүргізу

      67. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының байланыс бөлімшелері арқылы таратылатын газеттер мен журналдарға жазылу құқығы беріледі.
      68. Жазылуды ресімдеу үшін гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші гауптвахта бастығының атына өтініш жазады. Жазылуды ресімдеуге ниет білдірген гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге өзінің есебінен абонемент пен жеткізу карточкасының бланкілері беріледі.
      69. Байланыс бөлімшесінде жазылуды ресімдеуді гауптвахта қызметкері гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің дербес шотындағы қаражат есебінен жүргізеді.
      70. Жазылуды басқа мекенжайға жіберу жазылушының есебінен әскери полиция органы басшылығының рұқсатымен оның жазбаша өтініші бойынша жүзеге асырылады.
      71. Жазылуды гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің атына оның туыстары ресімдеуі мүмкін.
      72. Жазылу ресімделуі мүмкін басылымдардың санына шек қойылмайды.

10. Медициналық-санитарлық қамтамасыз ету

      73. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер әскери полиция органы медицина қызметкерінің, ол күн сайын камераларды аралаған уақытта медициналық көмегіне, ал жіті науқастанған жағдайда гауптвахта қызметкеріне жүгінеді. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші жүгінген қызметкер оған медициналық көмек көрсету үшін шаралар қабылдайды.
      74. Денсаулық жағдайына шағымданған гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші медицина қызметкерінің қорытындысы бойынша шұғыл білікті медициналық көмек көрсету қажет болған кезде әскери полиция органы бастығының рұқсатымен айдауылдың ілесіп жүруімен медициналық мекемеге жіберіледі. Әскери полиция органының бастығы әскери қызметшіні медициналық мекемеге орналастыру туралы прокурорға, судьяға және әскери бөлімнің қолбасшылығына дереу хабарлайды.
      75. Әскери қызметші сауыққаннан кейін, егер судьяның өзге де шешімі болмаса, әскери бөлімнің командирі оны жазасын одан әрі өтеу үшін гауптвахтаға жібереді.
      76. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге амбулаторлық көмек гауптвахтаның камераларында көрсетіледі. Дәрі-дәрмектерді беру дәрігердің тағайындауы бойынша белгіленген мөлшерде жеке қол қойғызып жүзеге асырылады.
      77. Заңның 23-бабына сәйкес гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің дене жарақаттарын медициналық куәландыруды уәкілетті орган әскери-медициналық бөлімшелерінің қызметкерлері мынадай жағдайларда жүргізеді:
      1) әскери полиция органы бастығының шешімі бойынша;
      2) қамауда ұстау орындарында заңдардың қолданылуына қадағалауды жүзеге асыратын прокурордың нұсқауы бойынша;
      3) іс жүргізуінде қылмыстық іс бар адамның немесе органның шешімі бойынша;
      4) дене жарақаттарын алған қамаудағы адамдардың қолдаухаты бойынша;
      5) дене жарақаттарын алған гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші қорғаушысының қолдаухаты бойынша.

11. Күнделікті серуендету

      78. Әскери полиция органының әрбір гауптвахтасында гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің серуендеуіне арналған биіктігі кемінде үш метр қалың қоршаумен қоршалған, жоғарғы жағынан Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес серуендеу аулаларының сипаттамасымен белгіленген металл тормен жабдықтылған аула болуға тиіс. Жүкті әскери қызметші әйелдер үшін серуендеудің ұзақтығы кемінде 3 сағатты құрайды.
      79. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер күн сайын ұзақтығы кемінде бір сағат серуендеуді пайдаланады. Серуендеудің ұзақтығын күн тәртібін, ауа райын, мекемедегі адам санын ескере отырып, әскери полиция органының әкімшілігі белгілейді.
      80. Серуендеу камералар бойынша күндізгі уақытта гауптвахтаның арнайы жабдықталған аумағында жүргізіледі. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің серуендеуі, егер ол осы Қағидалармен белгіленген талаптарды бұзса, гауптвахта бастығының (қарауыл бастығының) шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
      81. Серуендеуден босатуды әскери қызметшінің өтінішін қарағаннан кейін гауптвахта бастығы жүзеге асырады.

12. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің
қорғаушыларымен, туыстарымен және өзге де адамдармен
кездесулерін өткізу

      82. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге туыстарымен және өзге де адамдармен кездесулер іс жүргізінде қылмыстық іс бар адамның немесе органның жазбаша рұқсаты негізінде беріледі. Рұқсат бір ғана кездесуге жарамды.
      83. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшімен кездесуге бір уақытта кәмелетке толған екіден артық емес адамға ғана рұқсат етіледі.
      84. Іс жүргізуінде қылмыстық іс бар адамның немесе органның жазбаша рұқсаты, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттар негізінде әскери полиция бөлімшесінің бастығы немесе оның орынбасары кездесуге рұқсат ету туралы жазбаша нұсқау береді және оның ұзақтығын айқындайды, одан кейін гауптвахтаның бастығына оны өткізу туралы өкім береді.
      85. Кездесулер жалпы кезектілік тәртiбiмен берiледi. Кездесулерге келген адамдар кездесу уақытында тәртiп сақтау қағидалары туралы хабардар етіледі және осы Қағидалармен белгіленген талаптарды бұзған жағдайда кездесудiң тоқтатылатыны туралы ескертіледі.
      86. Кездесуге олардың жеке басын куәландыратын құжаттарсыз немесе алкогольдік, есірткі мас күйінде не уытқұмарлық күйінде келген адамдарға, сондай-ақ рұқсат қағазында көрсетiлмеген адамдарға кездесулер берілмейді. Кездесуге рұқсат бермеуден бас тарту себептері кездесуге келген адамға жарияланады.
      87. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің туыстарымен және өзге де адамдармен кездесулерi Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес гауптвахта қызметкерлерiнiң бақылауымен арнайы жабдықталған үй-жайларда қандай да бiр заттарды беруді болдырмайтын, бірақ сөйлесуге және көзбе-көз кездесуге кедергі жасамайтын бөлетін қабырға арқылы жүргiзiледi.
      88. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің кездесуге келген адамдармен сөйлесуі тікелей немесе сөйлесу құрылғысы арқылы жүзеге асырылады.
      89. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің қорғаушысымен кездесулерi жұмыс уақытында, оңаша бөлетін қабырғасыз және олардың саны мен ұзақтығын шектеусіз жүзеге асырылады. Кездесулер гауптвахта қызметкерiне гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіні және қорғаушыны көруге, бiрақ оларды естiмеуге мүмкіндік беретін жағдайларда жүргiзiледi.
      90. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшімен кездесулер қорғаушыға, оның жеке басын куәландыратын құжаты, сондай-ақ қылмыстық iс жүргiзу заңнамасының нормаларына сәйкес қылмыстық процесс жүргiзетін адам немесе орган берген қылмыстық iске қатысуға растайтын құжаты бар болған кезде берiледi.
      91. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілермен кездесулерге рұқсат алған адамдарға әскери полиция органы бастығының немесе оның орнында болатын адамдардың рұқсатынсыз гауптвахтаға техникалық байланыс құралдарын, компьютерлерді, кино, фото, аудио, бейне және көбейту аппаратурасын алып кiруге және кездесу уақытында оларды пайдалануға жол берілмейді.
      92. Кездесуді мерзімінен бұрын тоқтатуға негіздер мыналар болып табылады:
      1) кездесуге келген адамдардың кездесуді өткізуге жауапты гауптвахта қызметкерінің заңды талаптарын орындамауы;
      2) гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге қандай да бір құралдарды, заттарды, азық-түлік өнімдерін беруге немесе одан алуға әрекет жасау;
      3) қылмыстық іс бойынша шындықты анықтауға кедергі келтіруі, қылмыстар және өзге де құқық бұзушылықтар жасауға ықпал етуі мүмкін мәліметтерді беру;
      4) кездесуге келген адамдардың өзара байланыс үшін шартты белгілерді, шифрды және ақпаратты берудің басқа да тәсілдерін пайдалануы.
      93. Кездесу мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда оны өткiзуге жауапты гауптвахта қызметкерi кездесудi тоқтату себептерiн көрсете отырып, ол туралы гауптвахта бастығына жазбаша түрде баяндайды.
      94. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілермен кездесулер уақытша тоқтатылған жағдайда (карантинге, ерекше жағдайдағы режимнің енгізілуіне байланысты) әскери полиция органының бастығы ол туралы гауптвахтада заңдылықтың сақталуына қадағалауды жүзеге асыратын прокурорға, тиісті сот және тергеу органдарына хабарлайды, бақылау-өткізу пунктінде хабарландыру ілінеді.

13. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің тергеу
әрекеттеріне және сот отырыстарына қатысуын қамтамасыз ету

      95. Әскери полиция органының басшылығы қылмыстық іс жүргізетін судьяларға, прокурорларға, тергеушілерге, анықтауды жүргізетін адамдарға гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілермен тергеу әрекеттерін жүргізу үшін жұмыс уақытында гауптвахтаға кедергісіз келуін қамтамасыз етеді.
      96. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді ҚР ҚIЖК-да көзделген жағдайларды қоспағанда, кездесуге, сондай-ақ кезекшi ауысымдардың кезекшiлiктi тапсыру-қабылдау кезеңiнде (бiр сағаттан артық емес), күн тәртiбіне сәйкес тамақ iшетiн уақытта (таңертеңгi, түскi, кешкi ас), сондай-ақ түнгi уақытта (кешкi сағат 22-ден бастап келесi күнгі таңғы сағат 6-ға дейiн) шақыртулар бойынша камерадан шығаруға жол берілмейді. Көрсетілген уақытта шақырту бойынша шығарылған гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер камераларға қайтады.
      97. Тергеушiнiң, анықтау жүргiзетін адамның, прокурордың немесе соттың (судьяның) нұсқауы бойынша гауптвахта аумағында тергеу әрекеттерін, амбулаторлық сот-психиатриялық және басқа да сараптамалар жүргізу үшiн гауптвахта бастығы:
      1) жабдықталған үй-жайды береді;
      2) гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіні жеткізеді және оны күзетуді қамтамасыз етеді;
      3) тергеу әрекеттеріне қатысу үшiн тартылатын өзге де адамдардың гауптвахтаға кiруiн қамтамасыз етеді;
      4) гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің мекеме қоймасында сақтауда жатқан немесе жеке пайдаланудағы мүлкiне тiнту, оны алуды, оған тыйым салуды жүргізеді.
      98. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер гауптвахта бастығынан қолдарында сақтау үшін мынадай құжаттарды қол қою арқылы алады: айыптау қорытындысының көшірмесін, тергеушіні, анықтаушыны, қорғаушыны, судьяны ауыстыру туралы хабарламаны, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің басқа бабы бойынша қылмыстық істі қозғау туралы қаулының көшірмесін, сот үкiмінiң немесе ұйғарымының көшiрмесiн.
      99. Апелляциялық инстанцияның қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы, істі бір органнан екіншісіне беру туралы істі қарайтыны туралы хабарламалар гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге қол қою арқылы жарияланады және олардың жеке істеріне тіркеледі.

14. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге
жазалау және көтермелеу шараларын қолдану тәртібі

      100. Гауптвахтада ұстау тәртібін бұзғаны үшін гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге Заңға сәйкес жазалау шаралары қолданылуы мүмкін.
      101. Гауптвахтада ұстау тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік тәртіппен гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Тәртіптік жарғысына (бұдан әрі – Тәртіптік жарғы) сәйкес жазалау шаралары қолданылуы мүмкін.
      102. Ауызша жарияланғандардан басқа, барлық жазаларды гауптвахта бастығы жеке істеріне енгізеді және олар Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша гауптвахта бастығы жүргізетін гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді жазалау мен көтермелеуді есепке алу кітабында есепке алынады.
      103. Гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілер:
      1) басқа гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді, гауптвахта кезекші ауысымының жеке құрамын қорлаған;
      2) гауптвахта кезекші ауысымының заңды талаптарына бағынбаған;
      3) гауптвахтада белгіленген тәртіп пен қағидаларды бұзған;
      4) сақтауға және пайдалануға тыйым салынған басқа құралдарды, заттарды сақтаған, жасаған және пайдаланған жағдайларда жеке камераға қамауға алынады.
      104. Жеке камераға қамауға алу туралы қарауыл бастығы баянатпен гауптвахта бастығына баяндайды, ол бұл туралы әскери полиция бөлімшесінің бастығына баяндайды.

15. Әскери полиция органы бастығының, гауптвахта бастығының
немесе оған уәкілетті адамдардың гауптвахтаға қамауға алынған
әскери қызметшілерді жеке қабылдауы

      105. Әскери полиция органы бастығының, гауптвахта бастығының немесе оған уәкілетті адамдардың гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді жеке қабылдауы демалыс және мереке күндерінен басқа күндері күн сайын жұмыс уақыты ішінде жүзеге асырылады.
      106. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді жеке қабылдау оның мәліметіне жеткізілетін кесте бойынша жүзеге асырылады.
      107. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің жеке қабылдауға жазылуы гауптвахта қызметкерлерінің камераларды аралап шығуы уақытында күн сайын жүзеге асырылады. Қабылдау туралы өтініштер (ерікті нысанда толтырылады) әскери полиция органы бастығының және гауптвахта бастығының атына жазбаша түрде беріледі немесе ауызша түрде жасалады және әскери қызметші қабылдауына барғысы келетін лауазымды адамды көрсете отырып, Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес оларды беру кезектілігі тәртібінде әскери полиция органдары бастығының жеке қабылдау журналында (бұдан әрі – жеке қабылдау журналы) тіркеледі.
      108. Қабылдау өтiнiштерді беру кезектілігі тәртiбiнде жүргізіледі. Қабылдау аяқталғаннан кейін жеке қабылдау журналында және жеке қабылдау туралы өтiнiште оның нәтижелерi тіркеледі. Өтiнiш гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің жеке ісіне тіркеледі.
      109. Әскери полиция органы бастығының, оның орынбасарларының немесе гауптвахта бастығының гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің туыстарын немесе өзге де адамдарды жеке қабылдауы әскери полиция органының ақпарат стендіне ілінетін кесте бойынша қызметтік кабинеттерде жүргізіледі.
      110. Әскери қызметшілердің туыстарын жеке қабылдау нәтижелері жеке қабылдау журналында тіркеледі.

16. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер
гауптвахтада қайтыс болған жағдайда олардың денелерін беру

      111. Әскери полиция органының басшылығы гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің қайтыс болуы туралы жеке ісінде көрсетілген оның жақын туыстарына, осы факті бойынша тексеру жүргізетін прокурорға, әскери бөлімнің қолбасшылығына, сондай-ақ іс жүргізуінде қылмыстық іс бар адамға немесе органға дереу хабарлайды.
      Егер қайтыс болған әскери қызметшінің туыстары гауптвахта орналасқан қалада немесе елді мекенде тұрмаса, хабарлама телеграф арқылы жолданады.
      112. Қайтыс болған әскери қызметшінің денесі талап еткенге дейін, бірақ жеті тәуліктен асырылмай немесе уәкілетті органның қайтыс болу фактісі бойынша тексеруді аяқтағанына дейін денсаулық сақтау органдарының жақын жердегі емдеу мекемесіндегі мәйітханаға сақтауға беріледі.
      113. Денені беру оны талап еткен адамның жазбаша өтініші бойынша іс жүргізуінде қылмыстық іс бар адамның немесе органның, әскери бөлім қолбасшылығының рұқсатымен жүзеге асырылады. Денені алу үшін жеке басын куәландыратын құжатты көрсету қажет.
      114. Қайтыс болғанның туыстарына қайтыс болғаны туралы куәлікті алу тәртібі түсіндіріледі.
      115. Егер қайтыс болғанның туыстарының денені алу үшін уақтылы келуге мүмкіндігі болмаса, олар бұл туралы қосымша хабарлайды.
      116. Көрсетілген мерзiмде талап етiлмеген қайтыс болған әскери қызметшінің денесi мемлекет есебiнен жерлеуге берiледi.

17. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді
босату тәртібі

      117. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді гауптвахтадан гауптвахта бастығы немесе қарауыл бастығы, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайдан – әскери полиция органы бойынша кезекші:
      1) сот үкімі бойынша тағайындалған жазалау мерзімін өтеуден кейін;
      2) сот қаулысы бойынша тағайындалған әкімшілік жазалау мерзімін өтеуден кейін;
      3) ақтау үкімін шығара немесе іс бойынша іс жүргізуді тоқтата отырып, сот үкімі жойылған кезде;
      4) рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде;
      5) әскери-дәрігерлік комиссияның денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп тану туралы қорытындысы негізінде;
      6) әскери прокурордың талабы бойынша гауптвахтаға заңсыз қамауға алынған әскери қызметшілер босатылады;
      7) Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасымен көзделген өзге де негіздер бойынша босатады.
      118. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер жазалау мерзімінің соңғы күнінің бірінші жартысында босатылады. Егер жазалау мерзімі демалыс немесе мереке күні аяқталса, гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші жазаны өтеуден демалыс алдындағы немесе мереке алдындағы күні босатылады.
      119. Мерзім аяқталғанға дейін 10 тәулік бұрын гауптвахта бастығы әскери бөлімнің командиріне сот үкімі бойынша гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіні босату туралы хабарлайды.
      Мерзімді қызмет әскери қызметшісін босатқан кезде әскери бөлімнің командирі әскери қызметшіні әскери бөлімге алып жүру үшін өкілді жібереді.
      120. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіні босату үшін гауптвахта бастығы әскери қызметшіні гауптвахтаға қамауға алу мерзімі аяқталар алдында артынан әскери бөлімнің өкілін жіберу үшін оның әскери бөлімінің командиріне гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіні босату уақыты туралы хабарлайды және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысына (бұдан әрі – Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы) 20-қосымшаға сәйкес ауысым бастығына бекет ведомосымен бірге тапсырылатын гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіні босату туралы жазбаны береді.
      121. Гауптвахта бастығы гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіні босатады, босатуға құқық беретін құжаттар негізінде Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысына 16 және 18-қосымшаларға сәйкес атаулы тізімде және гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер кітабында қамауға алынғанды босату уақыты туралы жазба жүргізеді, оған қол қойғызып жеке заттарын, ақшасы мен құжаттарын, сондай-ақ оның әскери бөлімінің командиріне ұсыну үшін әскери полиция органы бастығының қолы қойылған оны босату уақыты мен негіздері туралы анықтаманы береді. Қамауға алынғанның киімдері мен заттарын жеке тексеру және алу хаттамасында соңғысы оны гауптвахтада ұстау және оның киімдері мен заттарын алу мәселелері бойынша гауптвахта қызметкерлеріне талаптардың жоқ екені (бар болуы) туралы қол қояды.
      122. Әскери бөлімнің командирі әскери полиция органының хабарламасы бойынша көрсетілген уақытта әскери қызметшіні қызмет орнына алып бару үшін гауптвахтаға бөлімнің өкілін жібереді.
      123. Әскери бөлімнің командирі үкім шығарған гарнизонның әскери сотына гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің босатылған және бөлімнің тізімдеріне нақты қабылданған күнін хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері
әскери полициясы гауптвахталарының iшкi
тәртiп қағидаларына 1-қосымша   

Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге
арналған талаптар

      1. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер:
      1) Заңмен және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясы гауптвахталарындағы ішкі тәртіп қағидаларымен белгіленген қамауда ұстау тәртiбiн сақтауға;
      2) гауптвахта әкiмшiлiгiнiң заңды талаптарын орындауға;
      3) гигиена және санитария талаптарын сақтауға;
      4) күнделiктi серуенге шығуға (серуеннен босатуды медицина қызметкерінiң қорытындысы бойынша гауптвахта бастығы жүзеге асырады);
      5) өрт қауiпсiздiгiнің қағидаларын сақтауға;
      6) гауптвахтаның мүлкiне ұқыпты қарауға;
      7) кезектілік тәртiбінде камераларды және гауптвахтаның басқа да үй-жайларын жинауға;
      8) гауптвахта қызметкерлерiнiң, гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің ар-намысын кемсітетін әрекеттер жасамауға;
      9) қамауда ұстау тәртiбiн қамтамасыз ететін гауптвахтаның қызметкерлерiне қызметтiк мiндеттерiн атқаруда кедергi келтiрмеуге;
      10) өзiнiң өмiрi мен денсаулығына, сондай-ақ басқа адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн қасақана әрекеттер жасамауға;
      11) белгiленген күн тәртiбiн сақтауға;
      12) өзара және гауптвахта қызметкерлерiмен қарым-қатынас жасаған кезде сыпайы болуға;
      13) гауптвахтаның қызметкерлерiне «Сiз» деп сөйлесуге және оларды әскери атағы немесе атқарып отырған лауазымы бойынша атауға;
      14) камераға гауптвахтаның қызметкерлерi кiрген кезде олардың командасы бойынша орнынан тұруға және көрсетiлген орында сапқа тұруға;
      15) сыртқы пішінін ұқыпты ұстауға;
      16) айдауылмен немесе гауптвахтаның қызметкерлерi iлесiп жүргенде қолдарын артына ұстауға;
      17) гауптвахта қызметкерлерiнiң, өзге де лауазымды адамдардың талабы бойынша өзiнiң тегін, атын, әкесінің атын айтуға;
      18) тыныштық сақтауға;
      19) кезектілік тәртiбінде камера бойынша кезекшiлiк атқаруға тиiс.
      2. Камера бойынша кезекшi:
      1) камераға гауптвахтаның қызметкерлерi кiрген кезде камерада отырған гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің саны туралы баяндауға;
      2) камера мүкәммалының, жабдықтарының және басқа да мүлкiнiң сақталуын бақылауға;
      3) камерада ұсталатын адамдар үшiн ыдысты алуға және оны тапсыруға;
      4) камераның тазалығын бақылауға;
      5) камерадағы еденді сыпыруға және жууға, камераның санитарлық торабын, серуендеу аяқталысымен серуендеу ауласын тазалауға;
      6) ауызсуға арналған ыдысты жууға тиіс.
      3. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге Заңның 24-бабының 4-тармағына сәйкес сақтауға және пайдалануға тыйым салынған бұйымдарды, заттарды және азық-түлiк өнімдерін өздерiнде ұстауға, сақтауға және пайдалануға рұқсат етілмейді.
      4. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге:
      1) сөйлесуге, гауптвахтаның басқа камераларында ұсталатын адамдарға қандай да бiр заттарды берудi жүзеге асыруға, тықылмен белгi беруге немесе олармен хат жазысуға;
      2) сөйлесудiң белгiленген тәртiбiн бұзуға, еркiндiкте жүрген адамдарға қандай да бiр заттар беруге және олармен хат жазысуға;
      3) әкiмшiлiктiң рұқсатынсыз камерадан және гауптвахтаның басқа да үй-жайларынан шығуға;
      4) алкогольдiк iшiмдiктерді дайындауға және iшуге, есiрткi және психотроптық заттарды тұтынуға;
      5) материалдық немесе өзге де пайда табу мақсатында үстелдегі ойындарды ойнауға;
      6) өзiне немесе өзге де адамдардың денелерiне дене әшекейін қондыруға;
      7) әкiмшiлiктiң рұқсатынсыз ұйықтайтын орындарды бүркемелеуге және ауыстыруға;
      8) қолдан жасалған электр аспаптарын пайдалануға;
      9) әкiмшiлiктiң рұқсатынсыз электр аспаптарын пайдалануға;
      10) камерада ашық от жағуға;
      11) жануарларды ұстауға;
      12) әкiмшiлiктiң рұқсатынсыз сантехниканы, жарық беретін және басқа да аспаптарды жөндеуге немесе камера жарығын реттеуге;
      13) камерадағы санитарлық тораптарды ластауға;
      14) камераның қабырғасынан гауптвахтада ұсталатын күдіктілер мен айыпталушылардың негiзгi құқықтары және мiндеттерi туралы ақпаратты алып тастауға;
      15) қабырғаларға, камера мүкәммалына қағаз, фотосуреттер, суреттер, газеттер мен журналдардың қиындыларын жапсыруға, оларға жазу жазуға және сурет салуға;
      16) айқайлауға немесе басқа тәсiлмен тыныштықты бұзуға;
      17) гауптвахтаның аумағында жүру кезiнде саптан шығуға, темекi шегуге, сөйлесуге, камера тесiгiнен сығалауға, қандай да бiр заттарды көтеруге, дабыл кнопкаларын басуға;
      18) терезеден бiрдеңе тастауға, терезе алдына шығып тұруға, форточкаға шығып тұруға, есiктiң «көзшесіне» жақын келуге, «көзшені» жабуға;
      19) жеке пайдаланудағы заттарды сатуға немесе өзге де тәсiлмен иелiктен шығаруға болмайды.
      5. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер:
      1) сотпен тағайындалған жазаны өтеу тәртібі мен шарттары туралы ақпаратты алуға құқылы. Ақпаратты гауптвахта әкімшілігі ұсынады;
      2) гауптвахта әкімшілігіне, сотқа, прокуратура органдарына, өзге де мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдарға ауызша және жазбаша ұсыныстармен, өтініштермен және шағымдармен жүгінуге;
      3) түсініктеме беруге және хат жазысуды жүргізуге, сондай-ақ ана тілінде немесе өздері меңгерген кез келген басқа тілде ұсыныстармен, өтініштермен және шағымдармен жүгінуге, қажет болған жағдайда аудармашының қызметін пайдалануға құқылы. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге жауаптар өтініш тілінде қол қоюмен беріледі және ұсыныс, өтініш немесе шағым берушінің құжаттарына тіркеледі;
      4) адвокаттардың, сондай-ақ осындай көмек көрсетуге уәкілетті өзге де адамдардың заңдық көмегін пайдалануға;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамтамасыз етілуге, зейнетақы алуға;
      6) олардың денсаулығын сақтауға қажетті материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитарлық қамтамасыз етілуге;
      7) персонал тарапынан сыпайы қарым-қатынасқа құқылы. Олар қатал немесе адамның ар-намысын кемсітетін қарым-қатынасқа ұшырамауы тиіс. Сотталғандарға мәжбүрлеу шаралары заң негізінде ғана қолданылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері 
әскери полициясы гауптвахталарының iшкi
тәртiп қағидаларына 2-қосымша     

Гауптвахтаны инспекциялайтын адамдардың
ескертулерi мен ұсыныстарының кiтабы
____________________________________________
(әскери полиция органының гауптвахтасы)

                              ____ жылғы «___» _________ басталды
                              _____ жылғы «___» ________ аяқталды

Р/с

Күнi

Инспекциялаушының лауазымы, Т.А.Ә., атағы

Ескертулердiң мазмұны

Ұсыныстар

Орындау мерзiмдерi

Қабылданған шаралар

      Ескертулер:
      1. Кiтап нөмiрленген, тiгiлген, тиiстi қол қоюмен куәландырылған және мөрмен мөрленген болуы тиіс. Кiтап гауптвахтаның бастығында сақталады.
      2. Кiтап қарау үшін және онда тиiстi жазбалар жүргізу үшiн гауптвахтаны инспекциялауға құқығы бар адамдарға көрсетіледі.
      3. Инспекциялаушы кiтапқа өзiнiң құзыреті шегінде барлық мәселелер бойынша негiзгi ескертулерi мен ұсыныстарын енгiзедi.
      4. Гауптвахта бастығы инспекциялаушы белгiлеген мерзiмдерде кемшiлiктердiң жойылғаны туралы ӘПБ бастығына баяндауға мiндеттi.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері
әскери полициясы гауптвахталарының iшкi
тәртiп қағидаларына 3-қосымша   

Бекiтемiн       
ӘПБ бастығы      

__________________________
(лауазымы, қолы, тегi)

____ жылғы «___» ____________

Камера бойынша орналастыру жоспары

Бөлек ұсталады

Камера №

Камерадағы орындар саны

Ескертпе

1

2

3

4

      ӘПБ бастығының орынбасары _____________________________________
                                       (атағы, қолы, тегі)

      Ескертпе:
      1. Камералар бойынша орналастыруды гауптвахта бастығы немесе қарауыл бастығы жүргізеді.
      2. Камералар бойынша орналастыру жоспары қарауыл бастығында (ауысым бастығында), кезекші бөлімде және әскери полиция органының басшылығында болуға тиіс.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері 
әскери полициясы гауптвахталарының iшкi
тәртiп қағидаларына 4-қосымша    

Жалпы камералардың сипаттамасы

      Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер ұсталатын камералардың құрылысы сыртқы қоршаған ортадан және бiрiккен үй-жайлардан сенiмдi оқшаулауды қамтамасыз етуi тиiс. Камералардың жоспарлану нысаны есiктiң «көзшесі» арқылы анағұрлым жақсы шолуды қамтамасыз етуi тиiс.
      Камералар есiгiнің көлемi 90х200 сантиметр (бұдан әрi - см) екi жақты болады. Еден деңгейiнен 95 см биiктiкте 18 x 22 cм тамақ үлестiруге арналған терезе орнатылуы тиiс. Жалпы камералар шамамен габариттік көлемi 1,88 х 0,65 метр қос қатарлы керуеттермен, бiр адамға 0,4 метрден үстел периметрi мен ағаш орындықтардың ұзындығы есебiнен үстелдермен жабдықталуы тиіс. Камералардың барлық жабдықтары еденге бекітілуі тиіс.
      Әрбір камерада қолжуғыштан және унитаздан тұратын санитарлық торап жабдықталады. Санитарлық торап бөлгiшпен бөлiнiп тұрады.
      Терезенiң iшкi жағынан терезе тесiгiне қол жеткiзудi шектейтін қабырғадан 25x30 см. берi шығып тұратын тор орнатылуы тиiс.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері 
әскери полициясы гауптвахталарының iшкi
тәртiп қағидаларына 5-қосымша     

Рұқсат етемін _____________
Прокурор ____________________
            (қолы, тегi)
____ жылғы «__»_______

«Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз
ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен
шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы
тәртібінде гауптвахтға қамауға алынған әскери қызметшіні
жеке камераға ауыстыру туралы қаулы

Күдікті, айыпталушы _________________________________________________
                            (тегi, аты, әкесiнiң аты)
_____________________________________________________________________
                     (жеке камерада ұстауға негiз беретін
_____________________________________________________________________
                           жағдайлар мазмұндалады)
_____________________________________________________________________
                              Қаулы еттi:
Күдікті, айыпталушы _________________________________________________
                              (тегi, аты, әкесiнiң аты)
одан әрi ұстау үшін жеке камераға ауыстырылсын.
Әскери полиция органының бастығы ____________________________________
                                       (атағы, қолы, тегi)

                                              ____ жылғы «____»______

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері 
әскери полициясы гауптвахталарының iшкi
тәртiп қағидаларына 6-қосымша     

Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер өздерiмен
бiрге алып жүре алатын, сақтай алатын, сәлемдемелер
арқылы ала алатын азық-түлік өнімдерінің, бiрiншi кезекте
қажет заттардың, аяқ киiмнiң, киімнің және басқа да
өнеркәсiптік тауарлардың тiзбесі

      Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер мыналарды өздерiмен бiрге алып жүре алады, сақтай алады, сәлемдемелер арқылы ала алады:
      1) жылытуды қажет ететiн және сақтау мерзімі өткен тез бұзылатын азық-түлiктен, сондай-ақ ашытқыдан, алкоголь iшiмдiктерiнен және сырадан басқа азық-түлiк өнімдері. Азық-түлiк өнімдерінің тiзбесі санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң нұсқамасы бойынша шектелуi мүмкiн;
      2) темекi бұйымдары, сіріңкелер;
      3) белдiксiз, галстуксыз, тартпасыз киiмнiң бiр жиынтығы (оның iшiнде белгiленген үлгiдегi), сондай-ақ бас киiм, маусым бойынша аяқ киiм (темiр табансыз, металл тағасыз);
      4) iш киiм;
      5) ұйық;
      6) шұлық немесе колготки (әйелдер үшін);
      7) биалай немесе қолғап;
      8) бет орамалы;
      9) үйге арналған тапочка (бiр жұп);
      10) жуыну құралдары (кір сабын, иіс сабын, қағаз, су сабын немесе шампунь (ӘПБ медицина қызметкерінің тағайындауы бойынша) тiс пастасы, тiс щеткасы, сабынға және тiс щеткасына арналған пластмасса қораптар, крем, тарақ, тарауыш);
      11) қалта айнасы (камерада айна болмаған жағдайда), электрлiк немесе механикалық ұстара, бiр реттік пайдаланылатын қауiпсiз ұстара;
      12) көзілдірік және көзілдірікке арналған пластмасса қорап;
      13) бас орамалдар, рейтуздар, белдiктер, бюстгальтерлер, шаш түйгiштер, мақта, гигиеналық және косметикалық заттар, пластмасса бигудилер (әйелдер үшін);
      14) жөке немесе ысқыш;
      15) шариктi қалам, оған өзектер, қарындаштар;
      16) хат жазуға арналған қағаз, пошта конверттерi, ашық хаттар, пошта маркалары;
      17) көркем және өзге де әдебиет, сондай-ақ мерзiмдi басылымдар;
      18) атап көрсетілгендерден басқа, қылмыстық iске немесе олардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру мәселелеріне қатысты құжаттарды және қолжазбаларды, сондай-ақ пошталық жөнелтілім бланкiлерiн, сақтауға тапсырылған ақшаның түбiртегiн, құндылықтарды, құжаттарды және басқа да заттарды өзiмен бiрге алып жүруге және сақтауға рұқсат етiледi.
      Осы Тiзбеде көзделмеген заттар мен құралдар тыйым салынған болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері 
әскери полициясы гауптвахталарының iшкi
тәртiп қағидаларына 7-қосымша     

Акт

      Бiз төменде қол қойған комиссия мынадай құрамда:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
         (лауазымы, атағы, тегi, аты, әкесiнiң аты)
ұсталушыдан, күдіктіден, айыпталушыдан, әкімшілік тәртіпте қамауға
алынғаннан және қамауға сотталғаннан
_____________________________________________________________________
                        (тегi, аты, әкесiнiң аты)

«Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы
мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының 33-бабына сәйкес құндылықтарды, ___________________________
сомасы (______) ақшаны, ___________________________________________
заттарды және азық-түлiк өнімдерін алуды жүргіздік (сақтауға
қабылдадық).
      Барлығы берiлгенi: құндылықтардың __________ атауы, ______
ақша, азық-түлiк өнімдерінің, заттардың атауы ______________________
                                                      (саны)

Бердім: _____________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты, қолы)
Қабылдадым: _________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты, қолы)
Қатысқан: ___________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты, қолы)

___ жылғы «___»________

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері 
әскери полициясы гауптвахталарының iшкi
тәртiп қағидаларына 8-қосымша     

Азық-түлiк және заттай сәлемдемелерді тексеру тәртiбi

      1. Нан өнімдері (бөлкелер, батондар, бөлке нан және т.б.) екi, үш бөлiкке бөлiнедi.
      2. Сұйық тамақтар гауптвахта ыдысына құйылады.
      3. Консервiлер ашылады және басқа ыдысқа салынады.
      4. Майшабақ екi, үш бөлiкке бөлiнедi.
      5. Шұжық тағамдары бiрнеше бөлiктерге бөлiнедi.
      6. Төгілетін заттар (махорка, қант) қайта салынады.
      7. Кәмпиттер орамасыз қабылданады.
      8. Хат жазысуды және тыйым салынған заттарды жасыру үшін пайдаланылуы мүмкін басқа да барлық азық-түлік осындай тәртiппен тексерiлуi тиіс. Тексеру азық-түлiк өзiнiң қасиетін жоғалтпайтындай етiп жүргізіледі.
      9. Заттар мен бұйымдар да мұқият тексерiлуi тиіс. Қажет болған жағдайда iздестiру аспаптары пайдаланылады.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері 
әскери полициясы гауптвахталарының iшкi
тәртiп қағидаларына 9-қосымша     

Өтiнiш

      Азамат _______________________________________________________
                             (тегi, аты, әкесiнiң аты)
___________________________________________ мекенжайы бойынша тұратын
      (тұрғылықты жердiң мекенжайы)
      Күдікті, айыпталушы және т.б. үшін
_____________________________________________________________________
            (тегi, аты-жөнi, әкесiнiң аты) (туған жылы)
сәлемдемені қабылдауыңызды сұраймын.

      Сәлемдеме азық-түлiгінің (заттардың) тiзiмдемесі:

Р/с

Азық-түлiктің немесе заттардың атауы

Салмағы (кг, г)

Саны

Ескертпe

1

2

3

4

5

      Өтiнiш берушiнiң қолы _____________________ жылғы «___» ______

Сәлемдемені қабылдадым ______________________________________________
                        (сәлемдеме қабылдаған қызметкердiң қолы)

Сәлемдемені алдым ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (сәлемдеме алған күдіктінiң, айыпталушының және т.б. қолы)

______ жылғы «___» __________

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері 
әскери полициясы гауптвахталарының iшкi
тәртiп қағидаларына 10-қосымша     

Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің
ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын тіркеу кітабы

Р/с

Келіп түскен күні (жылы, айы, күні)

Өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты және оның әскери қызметке көзқарасы

Өтініштің қысқаша мазмұны

Орындау үшін кімге және қашан берілді және орындаушының қолы

Орындау мерзімі

Қашан және қандай шешім қабылданды

Құжаттар тігілген іс

1

2

3

4

5

6

7

8

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері 
әскери полициясы гауптвахталарының iшкi
тәртiп қағидаларына 11-қосымша     

Серуендеу аулаларының сипаттамасы

      Серуендеу аулалары режимдiк аулада орналасуға және гауптвахтаға жақын орналасуға тиіс.
      Серуенге шығарылатын әрбір қамауға алынғанға серуендеу ауласының 2,5-3 шаршы метрі (бұдан әрi – шаршы метр) болуы тиіс. Серуендеу ауласының барынша аз көлемi – 12 шаршы метр.
      Серуендеу аулаларының үстiңгi жағына металды рама бекітіледі, оған ұяшықтары 17x17 сантиметрден аспайтын металды тор дәнекерленеді, тордың үстіне ұяшықтары 5x5 сантиметрден аспайтын «Рабица» типіндегі металды тор бекiтiледi.
      Серуендеу аулаларының есiгi камералардың типі бойынша, бiрақ форточкасыз жабдықталады. Әрбір серуендеу ауласының ортасында еденге сенімді бекітілетін орындықтар орнатылады. Серуендеу аулаларының үстiңгi жағында бақылаушыға қарама-қарсы қабырғаның бойымен ені 1,2 метрге дейін атмосфералық жауын-шашыннан тасалану үшін жеңiл қалқалар орнатылады.
      Серуендеу аулаларынан су ағыны қамтамасыз етiлуi тиіс.
      Серуендеу аулаларының үстiңгi жағында бақылаушы үшiн серуендеу аулаларында жүрген барлық қамауға алынғандар оның ұдайы қадағалауында болатындай есеппен тақтай тұғыр жабдықталады. Бақылаушының бекетіне күзет-дабыл хабарлағыштар және кезекшiмен телефон байланысы үшiн аппараттар немесе розеткалар орнатылады.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері 
әскери полициясы гауптвахталарының iшкi
тәртiп қағидаларына 12-қосымша     

Кездесулер өткiзуге арналған бөлмелердi жабдықтау

      Кездесулер өткiзуге арналған бөлмеде сөйлесу құрылғысы бар кабиналар орнатылады.
      Әрбір кабина ені 80 сантиметр (бұдан әрi - см) және ұзындығы 1 метр металды каркастан, қалқан элементтерінен, үстелшеден және қайырылатын орындықтардан құрылады. Кездесуге екi туыс балаларымен келген жағдайда 2-3 кабина ені 140 cм болып орнатылады. Кабинаның каркасы және қайырылатын орындықтар бұрыштық және табақ болаттан дәнекерленеді, үстелшелер ағаш плитадан жасалады. Кабиналар арасындағы бөлгiштер биіктігі 80 см болып оларды пластикпен қаптаумен мықты тақтайшалардан жасалады, ал одан жоғары олар органикалық шыныдан жасалады. Туыстары мен тұтқындалғандар арасындағы бөлгiштерде екi жағы шыныдан жасалған декоративтi металл торды орнатуға жол беріледі. Келушiлерге арналған кабиналар бекітпесі жоқ жеңiл есiктермен жабдықталады.
      Кабиналар блогының шет жағында естуге, ескертуге және сөйлесудi тоқтатуға арналған құрылғысы бар бақылаушының орны жабдықталады.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері 
әскери полициясы гауптвахталарының iшкi
тәртiп қағидаларына 13-қосымша     

Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді жазалау
мен көтермелеуді есепке алу кiтабы

___ жылғы «___» ____________ басталды
___ жылғы «___» ____________ аяқталды

Жазалауға ұшыраған адамдарды есепке алу

Р/с

Т.А.Ә.

Жаза не үшiн қолданылған

Жазаның түрi

Жазаны кiм және қашан қолданды

Ескертпе

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері 
әскери полициясы гауптвахталарының iшкi
тәртiп қағидаларына 14-қосымша     

ӘПБ бастығының жеке қабылдау журналы

Р/с

Күні (жылы, айы, күні)

Келгеннің тегі, аты және әкесінің аты

Өтініштің қысқаша мазмұны

Ескертпе